9-11 тамыз күндері елдің бірқатар аймағында аптаған ыстық болады

Фотография - 9-11 тамыз күндері елдің бірқатар аймағында аптаған ыстық болады

иллюстрациялық фото

Төрт аймақта жауын-шашын жауады.

559 0

Қазақстанның төрт аймағында қысқа мерзімді жауын-шашын жауып, республиканың көпшілік облыстарында күннің ыстығы сақталады, деп хабарлайды Today.kz, "Қазгидромет" РМК-на сілтеме жасап.

 Метеорологтардың болжауынша Қазақстандағы ауа райына алдағы үш тәулік бойы негізінен антициклон әсер етеді. Алайда, оның батыс, солтүстік, 11 тамыз күні – шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтарында қысқа мерзумду найзағайлы жауын-шашын болуы ықтимал.

 "Республиканың көпшілік аймақтарында әуе температурасы қалыпты деңгейден 3-7 градусқа жоғары болған жағдай сақталады. Еліміздің батысы мен оңтүстігінде температура 33-38 градусқа дейін, кей жерлерде Цельский бағанасы бойынша 41 градусқа дейін көтерілмек. Солтүстік және орталық өңірлердің бөлек аудандарында да ең жоғары температура 30-37 градусқа дейін көтеріледі", - деп хабарлайды "Қазгидромет". 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!