Кейбір «Алтын белгі» иелері грантсыз қалуы мүмкін

Фотография - Кейбір «Алтын белгі» иелері грантсыз қалуы мүмкін

Фото: today.kz

«Алтын белгі» иелері талапкерлер арасында онсыз да сұранысқа ие қаржы-экономикалық, әлеуметтік-гуманитарлық мамандықтарды таңдап жатыр.

554 0


2016 жылы мемлекеттік грантты «Алтын белгі» иелерінің барлығы алмайды, деп хабарлайды Today.kz, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. ҚР БҒМ мұны талапкерлердің арасында онсыз да сұранысқа ие қаржы-экономикалық, әлеуметтік-гуманитарлық мамандықтарды таңдауымен байланыстырады.

«Дегенмен, елде бұл саладағы мамандарға деген қажеттілік шамалы. «Алтын белгі иелерінің» тегін оқу мәселесі таңдалған ЖОО әкімшілігі арқылы шешіледі», - деп мәлімдеді министрлікте.

2016 жылы елдің ЖОО-дарына 2059 «Алтын белгі» иесі құжат тапсырғалы жатыр. Ал, ҚР БҒМ елдің дамуына ықпал ететін индустриялды-инновациялық бағыттағы мамандықтарға аса назар аудармақ. Соған сәйкес, гранттардың басым бөлігін инженерлік, техникалық және технологиялық саланың болашақ кәсіби мамандары алады.

«ҚР Білім және ғылым министрлігі жоғары оқу орындарының басшыларымен біріге отырып, мемлекеттік грантқа ие болмай қалған «Алтын белгі» иелерін оқу орын қаржысы есебінен оқытуды жеке-жеке қарастырады», - деп хабарлады ҚР БҒМ.

Естеріңізге сала кетейік, тамыздың 4 күні білім және ғылым министрлігі тегін оқуға кепіл берілетін мамандықтар тізімін жария етті.  «Екі тілді мамандыққа», яғни «неміс тілі» мен «француз тілі», сонымен қатар, «қоғаммен байланыс» мамандықтары мемлекет есебінен оқытылады. Бұл мамандықтарға бөлінген гранттар аса көп.

Сонымен қатар, 123 шетелдік азаматтың да грант алуына мүмкіндігі бар. Олар Тәжікстан, Қырғызстан, Моңғолия, Қытай, Украина, Белоруссия, Мысыр мен Ауғанстан елдерінің азаматтары болуы тиіс. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!