Прокурор Талғат Ермегияевтың жазасын жұмсартуды сұрап отыр

Фотография - Прокурор Талғат Ермегияевтың жазасын жұмсартуды сұрап отыр

©Арман Мұқатов

Прокурор аппеляциялық сот алқасынан оның жазасын 14 жылдан 12 жылға қысқартуды талап етті.

218 0


«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ –ндағы жемқорлық үшін 14 жылға сотталған Талғат Ермегиевтің жазасын жеңілдетуді талап етілді, деп хабарлайды Today.kz.  Прокурорлар оған тағылған 14 жылды 12 жылға дейін азайтылғанын қалайды.

«Аталған іс пен соттың шешімі бойынша, Ермегияев алғаш рет сотталған, мінездемесі де жақсы, сонымен қатар асырап отырған жасөспірім балалары бар. Жағдайды ауырлататын жайттардың жоқ екенін ескере отырып, қылмыстық істер жөніндегі сот алқасынан жазаны 12 жылға дейін жеңілдетуді сұраймын», - деп прокурор талабын оқыды.

Талғат Ермегияевтың адвокаты мұндай талапты қолдап отыр.

«Құрметті судья, мен қорғап отырған адамның пара алғаны дәлелденбеуіне байланысты мен де жазасының жеңілдетілуін сұраймын. Прокурордың өтелетін жылдарын азайтуға қатысты талабын қолдаймын. Негізі мен оның ақтап шығаруды сұрағым келеді, бірақ, жағдайды ескере отырып, оның өтейтін жылдарын қысқартуды сұрамақпын»,- деді Алла Котлова.

Естеріңізге салайық, Ермегияевтің аппеляциялық ісі сотқа тамыздың 1 күні жолданған.  Арызда басты фигугуранттан өзге тағы 22 адамның ісі көрсетілген (олардың ішінде кінәсін мойындағандар да бар).

Талғат Ермегияевтың үстінен сот үкімі маусымның 9 күні шығарылды. Соттың шешімі бойынша, оған 4,2 миллиарда тенге көлемінде пара алғаны туралы кінә артылып, ол қатал режимдегі колонияға 14 жылға тоғытылды. Шамамен, ұрланған қаражаттың жалпы көлемі 10,2 миллиарда тенге.  Онымен бірге жауапқа тартылған өзге 11 адам айыппұл және шартты, шынайы бас бостандығынан айыру сияқты жазаларға тартылды. Сонымен қатар, сотта сотталғандарға тиесілі кәмпескеленетін дүниелердің тізімі жарияланды. Ал, Ермегияев және онымен бірге айыпталған  тағы он адам кінәсін мойындаған жоқ. Дегенмен, соттың шешімі бойынша, Ермегияев алты миллиард ұлттық компанияға және мемлекетке 177 миллион теңге шығын мен мемлкеттік салым ретінде төлеуі тиіс. Алайда, ол төлеуден бас тартып, аппеляциялық соттың шешімін күтіп отыр. 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!