2016 - Білім беру гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды

Фотография - 2016 - Білім беру гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды

today.kz

ҚР білім және ғылым министрлігі биылғы жылы 31 702 грант бөлді.

1326 0


ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев төрағалық ететін Білім гранттарын беру жөніндегі республикалық конкурстық комиссия еліміздің ЖОО-да оқу мүмкіндігін беретін гранттарды бөлу жұмысын қорытындылады, деп хабарлайды egemen.kz

 pdf форматында жарияланған тізіммен мына жерде танысуға болады. Сондай-ақ, балама ақпарат көзі де бар.

 2016 жылы білім гранттарын иелену конкурсына 59 677 адам (оның 47 342 – қазақ тілінде, 12 335 – орыс тілінде оқу мақсатымен) қатысқан. ҚР білім және ғылым министрлігі 31 702 грант бөлген. Олардың ішінде 2 950 грант – ЖОО дайындық бөлімдерінде оқуға,  28 752 грант – ЖОО-ның 1 курстарында оқуға (күндізгі оқу бөлімдеріне – 28 452, сырттай оқу бөлімдеріне – 300 грант). Білім гранттарын орналастыру құқығы конкурстық негізде іріктеліп алынған 87 ЖОО-на берілді.  

Аталған басымдылықтар ескеріле отырып, 12 593 грант техникалық және технологиялық мамандықтарға, бес мыңға жуық грант – педагогикалық, 2 690 грант – ауыл шаруашылығы және ветеринария мамандықтарына, үш мың грант – медициналық мамандықтарға бөлініп отыр.

«Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» жобасы аясындағы квота бойынша өткізілген конкурсқа 9797 адам қатысып отыр, оның 2208 «Алтын белгі» иегерлері, 303 колледж түлегі, 169 халықаралық және республикалық олимпиадаларының жеңімпазы, 854 халықаралық және республикалық ғылыми жарыстардың жеңімпазы, 948 халықаралық және республикалық спорттық жарыстардың жеңімпазы және 9 Президенттік олимпиаданың жеңімпаздары. Бұл талапкерлер грантты алуда басымдылыққа ие.

Сонымен қатар гранттарды иелену конкурсына 492 жетім бала, үш жүз алпыс үш I және II топ мүгедектері, 37 соғыс ардагерлеріне теңестірілгендер санатындағы талапкер, 1053 ҚР азаматтығы жоқ қазақ ұлты өкілдері қатысып отыр. Бұл адамдарға квоталар белгіленіп отыр.

2015 жылы 32 168 грант бөлінген болатын: 2,5 орын ЖОО дайындық бөлімдерінде оқуға және 29 668 грант ЖОО 1 курстарында оқуға бағытталды. Күндізгі оқу формасына 29 168 грант бөлінсе, сырттай оқу үшін 500 грант берілді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!