Кәрім Мәсімов БҚО жұмыс сапары барысында бірқатар тапсырма берді

Фотография - Кәрім Мәсімов БҚО жұмыс сапары барысында бірқатар тапсырма берді

Фото: ©Арман Мұқатов

Ол ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу мәселелері жөніндегі жұмыс тобын құрып, аймақтағы жолдардың жағдайын жақсартуды тапсырды.

148 0

ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімов жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына келді. Ол жергілікті билік өкілдеріне бірқатар нақты тапсырма берді. Атап айтқанда, ол ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу мәселелері жөніндегі жұмыс тобын құрып, аймақтағы жолдардың жағдайын жақсартуды тапсырды, деп хабарлайды Today.kz.

 Жұмыс сапары аясында Мәсімов Орал қаласының әуежайында болып, оның қауіпсіздік жүйесінің жұмысымен таныса отырып, аэропорт басшылығының штаттық қызметті қамтамасыз ету шаралары жөніндегі баяндаманы тыңдады.

 Премьер-министр жалпы аймақтағы көлік инфрақұрылымының ағымдағы жағдайы мен нақты Орал – Тасқала – Ресей Федерациясының шекарасы  автожолын қайта жөндеу жөнінде хабардар болды. Аймақты Саратов облысымен қосатын автожолды қайта жөндеу жобасы «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында іске асырылып жатыр. Жөндеуден өткізіліп жатқан учаскенің ұзындығы 100 км. құрайды. Реконструкция 2015 жылдың шілде айында басталып, аяқталуы 2018 жылғы мамыр айына жоспарланып отыр.  

 Сонымен қатар, Мәсімов облыстағы жолдар жағдайы талқыланған кеңес отырысын өткізді. Премьер-министр ірі жобалардан басқа, еліміздің батыс аймағының көлік инфрақұрылымында облыс тұрғындарының негізгі бөлігін тасымалдаумен қамтамасыз ететін жергілікті жолдардың құрылысы мен күтімі мәселелері бар екендігін ескертті.

Кеңес барысында атап өтілгендей, БҚО автокөлік жолдарының жағдайы жағынан ел өңірлері арасында соңғы орында келе жатыр. Автожолдардың жалпы ұзындығының 74 пайызына жуығы өте жаман жағдайда.

 Премьер-министр ҚР инвестициялар және даму министрлігіне Батыс Қазақстан облысы әкімшілігімен, сондай-ақ, басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, кеңес барысында аталған мәселелерді шешу жөнінде тапсырмалар берді. Сонымен қатар, К. Мәсімов қаржы министрлігі, инвестициялар және даму министрлігіне облыстық және аудандық мәні бар автокөлік жолдарын қайта құру және жөндеуге қосымша қаражат бөлу жөніндегі ұсыныс енгізуді тапсырды.  

Жұмыс сапары барысында Мәсімов ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мызахметовқа тамақ өнеркәсібі өкілдерімен бірлесіп, проблемалық мәселелерді шешу бойынша нақты ұсыныстар дайындауға және олардың бір айлық мерзімде үкімет қарауына берілуін  тапсырды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!