Көкшетауда атышулы қылмыстарға қатысы бар деген күдіктілер ұсталды

Фотография - Көкшетауда атышулы қылмыстарға қатысы бар деген күдіктілер ұсталды

Тергеушілердің пікірінше, екі ер адам алдымен қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасап, содан кейін екі адамды өлтірген.

324 0

Ақмола облысында өткен жылдарда орын алған екі атышулы қылмыстық істің мән-жайы ашылды.  2010 жылы қылмыскерлер ұрланған қарудан Көкшетаудағы лимонад цехының екі күзеткерін атып кеткен. Бір жылдан кейін олар жекеменшік фирманы тонау үшін тағы екі күзетшіні мерт қылған, деп хабарлайды Today.kz аймақтық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Екі күдікті 2016 жылдың мамыр айында құрықталған болатын.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, 2009 жылы Көкшетауда өрескел қылмыс жасалған. Белгісіз адамдар терезе арқылы аңшыларға арналған «Сұңқар» дүкеніне еніп, карабин, винтовка, пневматикалық тапанша, оқ-дәрі, сондай-ақ, оптикалық көздеуіштер, әскери гранаталардың тұтандырғыштары мен 4 рацияны ұрлап кеткен. Оқиға ізімен ҚР ҚК 255 бабының 3 тармағы бойынша («Оқ ататын қаруды ұрлау») қылмыстық іс қозғалыған болатын.

 Бір жылдан кейін жекеменшік кәсіпорындардың бірінде екі күзетші өлтірілді. Бірнеше ер адам «Автоқалашық» жанындағы лимонад цехы аумағына еніп, екі күзетшіні атып, 600 мың теңге алып кеткен. ҚР ҚК 96 быбының 2 тармағы бойынша («Адам өлтіру») қылмыстық іс қозғалды. Сараптама нәтижелері көрсеткендей, күзетшілер «Сұңқар» дүкенінен бір жыл бұрын ұрланған қарудың көмегімен өлтірілген. Күдіктілер 6 жылдан кейін ғана құрықталып отыр.

 "2016 жылдың мамыр айында ІІД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының (ҰҚҚКБ) қызметкерлері Көкшетау қаласының шеткі аймақтарының бірінде өсіп тұрған тоғайда белгісіз ер адамдардың қарудан нысана атып жатқанын байқайды.  Құрықтау кезінде күдіктілер полицияға қаруланған қарсылық көрсетіп, тұтқындалды. Олардың әрекеттеріне қатысты  ҚР ҚК 380 бабының 2 тармағы бойынша («Билік өкіліне қатысты күш жұмсау») қылмыстық іс қозғалды", - деп мәлімдеді баспасөз қызметінде.

 "Сонымен қатар, полиция қызметкерлері ұрланған қару-жарақ тығылған үш жасырын қойманы анықтап, оны заттай айғақ ретінде тәркілеп, сараптамаға жіберді»,-  деген болатын Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметінде.    

 Қазіргі кезде 31 және 32 жасар күдіктілер тұтқындалып, олардың басқа ауыр қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!