Қазақстанда лаңкестік қауіптіліктің «сары» деңгейі ұзартылды

Фотография - Қазақстанда лаңкестік қауіптіліктің «сары» деңгейі ұзартылды

Фото ашық ақпарат көздерінен алынған

Бұл хабарды ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті таратып отыр.

527 0

Қазақстанда лаңкестік қауіптіліктің «сары» деңгейі ұзартылды, деп хабарлайды Today.kz, ҚР ҰҚК мәлімдемесіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасының Лаңкестікке қарсы күрес орталығы лаңкестік қауіптіліктің орташа («сары») деңгейінің мерзімі 2017 жылғы 15 қаңтарға дейін ұзартылатыны жөнінде мәлімдейді.

 Бұл шешімді Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасы Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 9 тамыздағы «Террористік қатердің туындауы туралы ақпарат мониторингі мен халықты хабардар етудің мемлекеттік жүйесін ұйымдастыру және жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» №611 жарлығының талаптарына сәйкес қабылдады.

6 маусым күні Қазақстанда лаңкестік қауіптіліктің «сары» деңгейі енгізілді. Оған Ақтөбе  қаласында 5 маусым күні болған лаңкестік оқиғасы себеп. Естеріңізде болса, қылмыскерлер екі қару-жарақ дүкені мен Ұлттық Гвардияның әскери бөліміне шабуыл жасаған болатын.  



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!