Кепілге алынған ломбард қызметкерлері келіссөзден соң босатылды

Фотография - Кепілге алынған ломбард қызметкерлері келіссөзден соң босатылды

Фото: today.kz

"М-Ломбардқа" шабуыл жасаған күдікті – Астананың 42 жасар тұрғыны.

441 0

Кепілге алынған ломбард қызметкерлері тонаушымен жүргізілген келіссөзден соң босатылды,- деп хабарлайды Today.kz қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 "Жүргізілген келіссөздердің нәтижесінде ломбардта қызмет ететін екі әйел босатылды. Зардап шеккендер жоқ. Ломбардқа шабуыл жасаған күдікті 1974 жылы туған Астана тұрғыны екені анықталды. Ол келіссөздерден кейін полиция қызметкерлеріне берілді", - деді астаналық ІІД баспасөз қызметінің басшысы Софья Қылышбекова.

 Естеріңізге саламыз, 14 тамыз күні таңғы сағат 08:30-да Астанадағы Кенесары көшесі бойында орналасқан "М-Ломбардты" тонау әрекеті жасалды. Ғимаратқа тонаушы баса көктеп кіріп, автоматты түрде қосылған дабылдың салдарынан ғимарат ішінде қамалып қалса керек. Кейін онымен бірге ғимаратта фирманың екі қызметкері қалып қойғаны белгілі болды. Шамамен 2,5 сағат бой жүргізілген келіссөздер нәтижесінде кепілге алынған екі адам босатылып, тонаушы өз еркімен полицияға берілді. Зардап шеккендер жоқ. Сонымен қатар, ломбардқа да мүліктік шығын келмеген. Ломбардты тонамақ болған адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды. Қазір оқиға бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Жедел іс-шараларға қаланың барлық шұғыл қызметтері тартылды. Қарақшыдан пневматикалық қару тәркіленіп, баллистикалық сараптамаға жіберілді.  Астана ІІД баспасөз қызметінде хабарлағандай, оқиға лаңкестік ірекеттермен байланысты емес.

Фото - Фото - Фото - Фото -



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!