Кейкі батырдың бас сүйегі Санкт-Петербургтан Қазақстанға қайтарылады

Фотография - Кейкі батырдың бас сүйегі Санкт-Петербургтан Қазақстанға қайтарылады

Фото: yvision.kz

Кенесары ханның бас сүйегі қайда екені беймәлім - Кунсткамера

339 0

Кунсткамера Кейкі батырдың бас сүйегін қайтаруға дайын,-деп хабарлайды Today.kz "Радио Балтикаға" сілтеме жасап.

Ұлы Петр атындағы антропология және этнография мұражайы директорының орынбасары Ефим Резван мәлімдегендей, мекеменің федералдық тізімінде тіркелген экспонат федералды заң немесе Ресей президентінің жарлығы негізінде Қазақстанға берілуі мүмкін.

 "Кейкі батырдың бас сүйегі бізде сақталып жатқандығы рас. Мұны біз ешқашан құпия қылған емеспіз, бұл туралы бәрі біледі. Бұл бас сүйек біздің қорда сақталып, ешқашан шығарылмаған. Егер жарлық шықса, оны бермеуге еш себеп жоқ», - деді Ефим Резван.

Мұражай басшылығы Қазақстанның Петербургтағы консулына аталған нысанның қайтарылуы үшін не істеу қажет екендігін түсіндірді. Сонымен қатар, мұражай директорының орынбасары Кунсткамерада Қазақстан халқының тағы бір батыры - Кенесары ханның бас сүйегі сақталмағанын және оның қайда екені беймәлім екенін айтты. 

"Бізге Қазақстан мәдениет министрінің орынбасары келгенде, оған барлық қорларымыз көрсетілді. Сонымен қатар, қазақстандық әріптестер мұражайға жаңа нысандардың түсу құжаттарын қарап, Кенесарының бас сүйегінің бізде ешқашан болмағандығына көз жеткізген болатын ",-деді мұражай өкілі.

 Естеріңізге саламыз, Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов РФ Үкіметінің төрағасы Дмитрий Медведевпен өткізген кездесуі барысында Кенесары хан мен Кейкі батырдың сүйектерін қайтару мәселесін қозғаған болатын. 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!