Алматы облысында қарулы топ құрықталды

Фотография - Алматы облысында қарулы топ құрықталды

Көрнекі сурет

Ұсталғандардан граната, травматикалық пистолет пен оқ-дәрілер тәркіленді.

307 0

27-36 жас аралығындағы ер азаматтардан тұратын қарулы топты Алматы облысының полцейлері құрықтады,-деп хабарлайды Today.kz аймақтың ІІД сілтеме жасап. Ұсталғандардың екеуі тергеу изоляторында, екеуі үйқамақта отыр.

«Күдіктілер Toyota Land Cruiser маркалы автокөлікпен жүрген. Оларды тінту кезінде бес килограммнан аса героин, 15 грамм гашиш,  екі травматикалық пистолет, сонымен бірге граната және оқ-дәрілер тәркіленді. Қару-жарақ сараптмаға жіберілді», - деп мәлімдеді Алматы облысы ІІД ҰҚКБ бастығының орынбасары Айдос Күзембаев.

Ұйымдасқан қылмыспен күрес бөлімінің қызметкерлері тұтқындау шарасын тамыздың он екісі күні Алакөл ауданы Үшарал қаласында жүргізді. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, ұсталғандардың екеуі бұған дейін де есірткі мен қару-жараққа қатысты қылмыстық жазаға тартылған.

Соталды тергеу жұмыстары Алматы облысы тергеу басқармасында жүргізіліп жатыр. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!