Астанада жоғалып кеткен ҚазМЗУ түлегін екі жүзге жуық ерікті іздеуге шықты

Фотография - Астанада жоғалып кеткен ҚазМЗУ түлегін екі жүзге жуық ерікті іздеуге шықты

Фото: instagram/@v_astane

Бақтияр Жаманғараевтың туғандары полицейлерден ол соңғы рет жүрген жерлерде тұрған камераларды тексеруді өтінді.

368 0

ҚазМЗУ түлегі Бақтияр Жаманғараевты іздеу шараларына Астанада екі жүз адам қатысып жатыр. Бұл туралы Today.kz тілшісіне оның ағасы Жандос Сейтханов айтты.

«Әзірге іздеу шаралары ешқандай нәтиже бермей жатыр. Ол әлі табылған жоқ. Еріктілер, яғни оның достары, әріптестері бас-аяғы 200 адам іздеп жатыр»,-дейді Жандос Сейтханов.

Жоғалып кеткен баланың туыстары полицейлер ол соңғы рет жүрген жерлерде тұрған камераларды қарамай отырғанын айтады.

«ІІД камераларды тексермей отыр. Ол сағат екіде «Дипломат» тұрғын-үй кешенінен шықты да жоғалып кетті. Ол жерде миллион камера орналасқан, неге екені белгісіз ол камералар тексерілмей жатыр. Біз ІІД бұл туралы жүз рет барып, арыз жаздық»,-дейді ол.

Алайда, Астананың ІІД ағасының бұл сөзімен келіспейді. Олар барлық камералар тексеруге алынғанын айтады.

«Кешенді жедел іздестіру шаралары жүргізіп жатыр. Біздің жоғалғандарды іздейтін өз әдістеріміз бар. Нақты бір айғақ табылғанда ғана хабарлаймыз. Қазір оның араласқан достары, таныстары, туыстары тексеріліп жатыр», - деп мәлімдеді Астана ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Софья Кылышбекова.

Естеріңізге салайық, Бақтияр Жаманғараев тамыздың он екісі күні жоғалып кетті. Ол туралы ақпарат Instagram парақшасында жария етілді. Оның дене бітімі арықша келген, бойы 170 сантиметр, шашы қара. Жоғалған бала туралы білетін адамдардың мына телефон номерлеріне хабарласуларын сұрайды. +7 (701) 394 11 11 (Жандос Сейтханов, ағасы) немесе +7 771 775 04 09 (Ақан Ақшалов,  досы), сондай-ақ 102.

Тамыздың он үші күні оның автокөлігі табылды. Ол ломбардта кепілге қойылған болып шықты. Полицейлер Жаманғараевтың букмекерлік кеңселерде бәс тігіп жүргенін анықтады. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!