Қарағанды облыстық ІІД-інде қылмыстық топтың жұмысы әшкереленді

Фотография - Қарағанды облыстық ІІД-інде қылмыстық топтың жұмысы әшкереленді

Көрнекі сурет

Олар күніне 200 мың теңгеден аса пара алып отырған.

432 0

Қарағанды облыстық жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Ұлттық бюросы аймақтық ІІД ЖПҚ жол-патрульдік қызметінің полкі қызметкерлері құрамында қылмыстық топ жұмыс жасағанын анықтады,-деп хабарлайды Today.kz.

«А. Карашин, Н.Баграмов, Е. Крутин деген лауазым иелері алдын ала келісу арқылы Екатеринбург – Алматы тасжолы бойындағы «Соқыр» бекетінде үлкен жүкті көліктердің тексерусіз өтуіне мүмкіндік жасап, олардан тұрақты түрде пара алып отырған. Орта есеппен олар күніне 200 мыңнан аса теңге алып отырған», - делінген хабарламада.

Қазір полицейлер уақытша қамау изоляторына жабылды. Соталды тергеу жұмыстары жүргізіп жатыр. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!