Дариға Назарбаева: Балабақша салу - игі іс

Фотография - Дариға Назарбаева: Балабақша салу - игі іс

Көрнекі фото

Қазақстанда жекеменшік балабақша саны он есе артты.

466 0

ҚР Премьер-министрдің орынбасары балабақша құрылысын игі шаруа деп атап өтті. Дариға Назарбаева жыл сайын өтетін тамыз кеңесінде  мектепке дейінгі мекеме ашуға қаражат құюға дайын кәсіпкерлердің қызығушылығын арттыру керек екенін  айтты, - деп хабарлайды Today.kz

«Біздің қоғам балабақша мен мектеп құрылысы игі шаруа екені қазір жақсы түсінеді. Бизнес өкілдері де қазір әлеуметтік жауапкершілікті бағалайтын болды. Дегенмен, инвесторлардың қызығушлығын арттырып, жеке бизнеске жағымды жағдай жасау керек. Қазір мемлекеттің міндеті – осы салаға қаражат салуға дайын адамдарға қолдау көрсету»,- деді Дариға Назарбаева.

Бұл жөнінде ҚР БҒ министрі Ерлан Сағадиев те айтты. Ведомство жеке инвестицияны мектепке дейінгі мекеме ашуға тартудың жолдарын қарастырған.

«Біз «Балапан» бағдарламасының арқасында жеке сектор үлкен белсенділік танытып жатқанына және жекеменшік балабақша саны он есе, 1 200 балабақша мен орталықтар ашылғанына қуаныштымыз. Біз жаңа отыз мың орынды қамтамасыз ету үшін осы жылы қосымша алты миллиард теңге сұрадық», - деді ҚР БҒ министрі Ерлан Сағадиев.

Спикер балабақша ашуға қаржысын жұмсаған кәсіпкерлерге берілетін мемлекеттік тапсырысты бір жылға емес, ұзақ мерзімге беру жайы қарастырылып жатқанын айтады. ҚР БҒ министрінің айтуынша, бұл бағытқа тартылатын инвесторларға тұрақты табыс әкеліп, олардың санын арттыруға ықпал етеді.

ҚР Премьер-министрдің орынбасары балабақша мен шағын орталықтар мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бағдарламалары арқылы іске асырылатынын атап өтті.

«Біз осы істің нәтижесін көріп жатырмыз. Қазір әрбір үшінші балабақша –жекеменшік. Бірақ, бұл жерде табысқа масаттанудың қажеті жоқ. Әлі де дамытатын шаруа жетеді. Балаларды мектепке дейінгі білім беру мекемесімен жүз пайыз қамту үшін бұдан кейінгі дамыту шаралары мемлекеттік-жекеменшік әріптестік  арқылы іске асырылады»,-деді Дариға Назарбаева. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!