Әубәкіровты өлтірген жігіттің әкесі: Ұлым үлкен еркектерді басқаруы мүмкін емес

Фотография - Әубәкіровты өлтірген жігіттің әкесі: Ұлым үлкен еркектерді басқаруы мүмкін емес

Фото: today.kz

Астанада медициналық университет студенті Ерасыл Әубәкіровтың өліміне қатысты даулы іс бойынша алдына ала сот тыңдауы басталды.

534 0


Астанада медицина университетінің студенті Ерасыл Әубәкіровтың өліміне қатысты даулы іс бойынша алдын ала сот тыңдауы басталды,-деп хабарлайды Today.kz. Айыпталушы Нұрбек Әжімбайдың әкесі Сейсенбай Ізмұқанов баласының бейкүнә екеніне сенімді екенін айтты.

"Мен ұлымның ақталғанын қалаймын. Өйткені, ол кінәлі емес. Ол ешқандай қылмыс жасаған жоқ. Мен оған сенімдімін, әрі ұлыма сенемін. Студент бала өзінен он жас үлкен еркектерді ұйымдастырып, қылмыс жасай алмайды. Менің ұлым полицияға өз еркімен барды, бірақ оны бәріне кінәлі ете салды. Тергеу біржақты жүрді, әділ емес, менің ұлымның құқығы үнемі бұзылып отырды", - деді тілшілерге Сейсенбай Ізмұқанов.

Ол баланың ісіне қатысты материалдар жасанды деп мәлімдеді. 

"Оны жасанды материалдар көмегімен қылмыскер ретінде қамап тастады. Біздің арыздар қаралмай жатыр. Материалдармен танысуға да аз уақыт берді. Біз қазір соттан істі прокуратураға қайта өткізуді талап ететін боламыз. Мен ұлым ақталмайынша, тоқтамаймын. Қажет болса, халықаралық деңгейге дейін шығамыз ", - деп баса айтты Нұрбек Әжімбайдың әкесі.

Әжімбайдың қорғаушысы: «Сот процесінің алқа соты арқылы өтуін талап етеміз»,- дейді.

Осы іске қатысты үш адам - Нұрбек Әжімбай, Виталий Шерстенев пен Андрей Тихоненко айыпталып отыр. Процесс жабық режимде судья Айжан Шаяхметованың басқаруымен жүргізіліп жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, 23 жастағы медицина университетінің студенті Ерасыл Әубәкіров ақпанның 3 күні Астанада жоғалып кеткен еді. Оны бір апта бойы полицейлер мен еріктілер іздеді. Ақпанның 10 күніне қараған түнде оның мүрдесі табылды. Кейін оны қинап жатқаны түсірілген бейнетаспа ғаламтор арқылы тарап кетті. 12 ақпан күні ҚР ІІМ сараптама нәтижесі оны қинап өлтіргенін анықтады. Ақпараттың тысқа шығып кетуіне байланысты соталды тергеу екі рет жүргізілді.

Студенттің өліміне қатысты төрт адам тұтқындалды. Оның бірі Өскемендегі ірі кәсіпкердің ұлы Аян Мейірбаев болатын. Алайда, оның әрекеттерінен ешқандай қылмыстық іс табылмағандықтан, ол босатылды. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!