Қазақстанда 24 мыңға жуық талапкер кешенді тестілеуді қайта тапсыра алған жоқ

Фотография - Қазақстанда 24 мыңға жуық талапкер кешенді тестілеуді қайта тапсыра алған жоқ

Фото: today.kz

Тестті қайта тапсыруға 42 мың талапкер қатысты

455 0

Қазақстанда 23778  талапкер кешенді тестілеуді қайта тапсыра алған жоқ. Бұл мектеп бітірушілердің 57 пайызын құрайды, - деп хабарлайды Today.kz ҚР білім және ғылым министрлігіне сілтеме жасап. Тестілеу тамыздың 19 мен 21 аралығында жоғары оқу орындарда ұйымдастырылған  37  пунктте өткізілді. Бас-аяғы тестіден қайта өтуге ниет білдірген 45025 талапкердің 41801-і қатысқан. Оның 27306-сы қазақ, ал  14495-і орыс тілді түлек.

Бұл – ҰБТ мен кешенді тестілеуден өте алмай қалған немесе мүлдем қатыспаған талапкер берілген екінші мүмкіндік.

Тапсыру ережелері мен тестілеу кезінде тыйым салынған заттарды қолданғаны үшін 104 талапкер тысқа шығарылып, олардың нәтижелері нөлге теңестірілді. Тапсырғандардың барлығына жиналған баллдары көрсетілген сертификат берілді.

"Қажетті балл жиналған жағдайда осы сертификаттардың көмегімен талапкерлер ЖОО-ның ақылы бөліміне түсе алады. Ал, қажетті балл жинай алмағандары ЖОО-ның күндізгі бөліміне бірінші академиялық курсты бітіру мақсатында түсе алады. Олар академиялық курсты аяқтағаннан соң, тестті қайта тапсырады. Егер бұл жолы да қажетті балл жинай алмаса, олар ЖОО-нан шығарылады", - деп түсіндірді ҚР Білім және ғылым министрлігіндегілер. Естеріңізге салайық, 2016 жылдың наурыз айында ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев парламент сенатының отырысына келген уақытта журналистерге ҰБТ тапсыру ережесіне өзгеріс енгізілетінін айтқан еді. Оның айтуынша, түлектер тестті ақылы негізде екінші рет тапсыруға мүмкіндік алуы тиіс болатын.

Мұндай шешім жыл сайын ҰБТ тапсыра алмай қалған мектеп оқушыларының көбеюіне байланысты қабылданған. Сөйтіп, 2015 жылы олардың саны  45 мыңға жеткен. Ал, жалпы жоғары білімнен 100 мыңнан аса мектеп оқушысы тыс қалған.  Солардың ішінде 25 мыңы колледжге де түсу мүмкіндігінен айрылған. Ал, 2015 жылы 39  мың қазақстандық оқушы Ресейден білім алуға кеткен. Яғни, тиісті балл алмаған түлектер еріксіз өзге елге кетуге мәжбүр болады. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!