Алматы облысында ұсталған радикалдар Қазақстанда теракт жасауды жоспарлаған

Фотография - Алматы облысында ұсталған радикалдар Қазақстанда теракт жасауды жоспарлаған

Фото: ©Арман Мұқатов

Ұсталғандардан жарылғыш затты қолдан жасауға арналған құрылғылар мен діни-экстремистік материалдар тәркіленді.

408 0

18 тамыз күні Алматы облысында Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлері Қазақстанда бірнеше терроститік акт жасауды жоспарлаған радикалды топтың төрт мүшесін ұстау үшін арнайы операция жүргізді,-деп хабарлайды Today.kz,  ҰҚК сілтеме жасап.  "Ұсталған Қазақстан мен Қырғызстан азаматтарының тұрып жатқан үйлерінен және арнайы жасалған жасырын орындардан жарылғыш заттарды қолдан жасауға арналған құрылғылар мен діни-экстремистік материалдар тәркіленді. ҰҚК, полиция, әскери бөлімдер мен оның қызметкерлері орналасқан жерлерді жару үшін құрылған олардың жоспарлары әшкере болды.  Сонымен қатар, олардың келесі жоспары – көпшілік тығыз орналасқан жерлер болған", - делінген сайтта.

ҰҚК мәліметі бойынша, қазір жедел-іздестіру шаралары жалғасып жатыр. Олардың нәтижесі қосымша хабарландырылып отырады. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!