Балалар есепті ақша арқылы тез қабылдайды – ҚР БҒМ оқулықтың жаңа міндеті жайлы

Фотография - Балалар есепті ақша арқылы тез қабылдайды – ҚР БҒМ оқулықтың жаңа міндеті жайлы

Көрнекі сурет

Ақша мысалға алатын есептер оқулықтарға жиі енгізіле бастады.

308 0

 Төменгі сынып оқушылары математиканы мысалға ақша алынған есептер арқылы тез қабылдайды,- деп хабарлайды Today.kz. Бұл туралы «Оқу орындарының жаңа оқу жылына дайындығы жөніндегі» тақырыпта өткен баспасөз маслихатында айтылды.

«Оқулықтағы есептерге қатысты айтар болсам. Сіздер оқулықтарда есептерге қатысты мысалдар ақша, жеміс, қыс мезгілі, тіпті отбасы санына қатысты екенін бірнеше рет байқаған боларсыздар. Балалар әдетте есепті ақша арқылы жақсы қабылдайды. Біздің мұғалімдер мен бастауыш сынып мамандарының зерттеулері олардың есепті ақша арқылы жақсы шығаратынын көрсетті. Оқулықта осындай екі-үш есеп бар», - деді ҚР БҒ вице-министрі Эльмира Суханбердиева.

Брифингте спикер жаңа оқу жылына дайындық жоспар бойынша жүріп жатқанын айтты. Оқулықтарды жеткізу, тамақ беруді ұйымдастыру, балаларды тасымалдау мәселелері шешіліп жатқан көрінеді.

«Бұл мәселелер Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтың жеке бақылауында, оған оқулықтар, бала тасымалы, тамақтану туралы күнде есеп беріледі. Қазір өзекті ешқандай мәселе жоқ.  Біз жаплы балаларды жаңа оқу жылына қабылдауға дайынбыз», - деді Суханбердиева.

Оқулықтар барлық аймақтардың басым бөлігіне жеткізілді. Қазір ОҚО мен Ақтөбе облысына кітаптар тасымалданып жатыр.

«Жаңа оқу жылына қажетті кітаптар тамыздың 24 күніне дейін есеп бойынша аймақтардың 99 пайызына жетті. 14 аймаққа кітап тасымалдау аяқталды. Тек Оңтүстік Қазақстан (96 пайыз) және Ақтөбе (93 пайыз) облыстарына оқулық жеткізу жалғасып жатыр», - деп нақтылады Эльмира Суханбердиева. 

ҚР БҒМ мәліметі бойынша, 1 қыркүйекте мектепке 2,5 миллион оқушы барады, оның шамамен 370 мыңы бірінші сынып оқушылары. 2016 жылы 92 мектеп қолданысқа берілсе, оның 60-ы жаңа оқу жылына дейін берілмек, ал қалған 32 мектеп оқу жылы аяқталғанша оқушылар игілігіне беріледі. Жаңа салынған мектептің 11-і белгілі мектеп жүйелеріне қарасты, қалғандары апатты жағдайдағы немесе қолданысқа келмейтін мектептерді алмастырады.

 «Республикада 526 мектеп күрделі, 6 600-і әдеттегі жөндеуді талап етеді. Жаз уақытында 373 мектепте күрделі жөндеу, ал 5 745-і жыл сайын жасалатын жөндеуден өтті. Кейбір аймақтарда қаржы жетіспеуіне байланысты жөндеу толық жасалған жоқ. Мәселен, Алматыда қажетті 48 мектептің тек 26 жөнделді. Шығыс Қазақстанда 68 мектептің 60-ын қамтыдық», - дейді Эльмира Суханбердиева. 

Естеріңізге салайық, 2016 жылдың 1 қыркүйегінен бастап жалпы блім беру мектептерінде бес күндік оқу жүйесі енгізіледі.

«Бірінші сыныптағылар осы жылдан бастап аптасына бес күн оқиды. Ал, 2017 жылы екінші, бесінші, жетінші, тоғызыншы сыныптағылар осы жүйеге ауысады. Қалғандары 2018 жылы көшеді», - деп ҚР БҒМ осыған дейін хабарлаған болатын. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!