ККБ: Нұрқаділова несиені кәсіпкерлікті дамытуға емес, элиталық үй үшін алды

Фотография - ККБ: Нұрқаділова несиені кәсіпкерлікті дамытуға емес, элиталық үй үшін алды

Фото ашық ақпарат көздерінен алынған

Қазақстандық модельердің Алматыдағы үйі тәркіленіп, саудаға шығарылды

402 0

 Қазақстандық модельер Құралай Нұрқаділованың үйі тәркіленіп, саудаға қойылды. Оның дүниесі сатылатыны туралы ақпарат Біріңғай электронды сауда алаңына тамыздың 23 күні шықты. Порталда "Дубок" ықшам ауданындағы үйдің жалпы көлемі 283,8 шаршы метр және 0,1366 гектар жері бар екені жазылған. Модельердің жылжымайтын мүлігі шамамен 109 миллион теңгеге бағаланып отыр. Сауда 2016 жылы 7 қыркүйекте басталады,-деп хабарлайды Today.kz.

Саудаға қойылған Құралай Нұрқаділованың үйі туралы ақпаратты "Казкоммерцбанк" АҚ растап отыр. Қаржы мекемесіндегілер оның несиені, кейбір БАҚ жазып жатқандай, кәсіпкерлікті дамытуға емес, элиталық үй сатып алуға алғанын айтады. Несиенің жалпы көлемі 641,9 АҚШ долларын құрайды.  

«2006 жылы Нұрқаділова "Казкоммерцбанк" мекемесіне элиталық үй алу үшін арыз жазды. Банк тиісті міндеттерін орындап, несие берді.  Арада үш жыл өткеннен кейін ол өзінің қаржылық жағдайы қиындағанын айтып, міндеттерін орындауды доғарды. Оның несие мерзімін шегеру туралы арызын алғаннан кейін, банк оған жеңілдік ретінде қосымша уақыт берді», - дейді ККБ қоғаммен байланыс департаментіндегі мамандар.

Банк хабарлағандай, Нұрқаділованың ұзақ уақыт бойы өз міндеттерін орындамауына байланысты мекеме өтелмеген қарызды қайтару үшін сотқа арыз жазған. Модельерден 106 миллион теңге мен мемлекеттік баж салығын төлеу талап етіледі. Алайда, ол сот шешімін орындаудан бас тартып, кейін сол үшін әкімшілік жазаға тартылады. Сот шешімі бойынша, Құралай Нұркаділованың дүние мүлігі бағаланып, саудаға шығарылады.

«Арамыздағы соттасу процесі екі жарым жылға дейін созылды. Нұрқаділова банк талаптарымен келіспей, негізгі қарыз мөлшерін көбейтуді негізсіз деп табу үшін банкке қарсы арыз жазды. Алайда, сот оның арызын қанағаттандырған жоқ. Банктің әрекеттері көрсетілген дәйектерге байланысты дұрыс деп танылды», - дейді банк мамандары.

Қаржы мекемесі берген мәліметтерге сенсек, «Казкоммерцбанк» пен Құралай Нұрқадилова арасында жеті қосымша келісім жасалған. Сонымен қатар, банк төрт жыл бойы оған жеңілдіктер жасап келсе керек.

Today.kz тілшісі Құралай Нұрқадиловамен байланысқа шыққан еді, алайда ол комментарий жасаудан бас тартты. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!