Қытай полициясы 28 жыл іздеуде жүрген сериялық кісі өлтірушіні құрықтады

Фотография - Қытай полициясы 28 жыл іздеуде жүрген сериялық кісі өлтірушіні құрықтады

Фото: hqwall.ru

1988 жылдан бастап ер адам 11 әйел мен баланы зорлап, өлтірген.

475 0

ҚХР Ганьсу провинциясының полициясы 1988 жылдан бастап 11 әйел мен баланы зорлап, өлтірген маньякты ұстады.  Осы уақыт аралығында жергілікті тұрғындар қанішердің шабуылынан қорыққан,-деп мәлімдейді Today.kz «Gazeta.ru» сайтына сілтеме жасап.

 Полициядағылардың мәліметінше, 2002 жылы өз әрекеттерін «тыйған» кісі өлтірушіні іздеу тоқтатылған жоқ. Тергеушілер  қылмыскерді оқиға орнында қалдырған саусақ іздері бойынша тапқан.  

 Полиция қызметкерлері күдіктінің үйіне кіріп келгенде, 52 жасар қылмыскер шошып, оның зайыбы күйеуіне тағылған айыптарға таңқалған. Күйеуінің жүріс-тұрысы ешқашан әйелінің күдігін тудырмаған көрінеді.

 Құрықталғаннан кейін ер адам қылмыстарды жасағандығын мойындады.

 Естеріңізге саламыз, 28 сәуірде Қарағандыда 20 жасөспірімді азғырған ер адам жауапкершілікке тартылды. Ол бас бостандығынан 10 жылға айырылып, жазасын ерекше тәртіптегі колонияда өткеруге жіберілді.

 

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!