Назарбаев Атамбаевқа және қаза болғандардың отбасына көңіл айтты

Фотография - Назарбаев Атамбаевқа және қаза болғандардың отбасына көңіл айтты

Фото ашық ақпарат көздерінен алынған

29 тамыз - Қырғыз Республикасында қаралы күн

429 0

 ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қырғыз Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаевқа көңіл айту жеделхатын жолдады,-деп хабарлайды Today.kz. Бұл туралы ақпаратты Ақорда баспасөз қызметі таратты.

«Елбасы Мәскеу қаласындағы баспаханада шыққан өрт пен Бішкек-Ош тас жолындағы жол-көлік оқиғасы салдарынан Қырғыз Республикасы азаматтарының қаза болғаны туралы суыт хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

Нұрсұлтан Назарбаев аза тұтып жатқан бауырлас қырғыз халқының қайғысына ортақтасып, қаза болғандардың туыстары мен жақындарына Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан көңіл айтты.

Қазақстан Президенті зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді»,- делінген баспасөз мәлімдемесінде.

Өрт тамыздың 27 күні Мәскеудің солтүстігіндегі Альтуфьевск шоссесіндегі бесінші үйде болған. Өртенген ангар "Печатный экспресс" баспаханасына тиесілі. Бас-аяғы 17 адам қаза тапты, оның 14 қырғыз азаматы. Алдын ала мәліметтер бойынша, өрттің шығуына электр шамындағы тоқтың тұйықталуы себеп. Өрт қауіпсіздігінің сақталмауына байланысты қылмыстық іс қозғалды.

Қырғыз Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаев қазаа болғандардың отбасыларына көңіл айтты. 29 тамыз Қырғыз елінде қаралы күн. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!