Қазақстанның бейбіт бастамасы барлық елдің қызығушылығын қамтиды - Назарбаев

Фотография - Қазақстанның бейбіт бастамасы барлық елдің қызығушылығын қамтиды - Назарбаев

Фото: ©Арман Мұқатов

Астанада «Ядролық қарусыз әлем қалыптастыру» атты халықаралық конференция өтіп жатыр.

572 0


 Астанада Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Ядролық қарусыз әлем қалыптастыру» атты халықаралық конференция өтіп жатыр,-деп хабарлайды Today.kz.

«25 жыл бұрын менің қаулым бойынша әлемдегі ең ірі ядролық сынақ алаңы – Семей полигоны жабылды. Қырық жыл бойы 500 ядролық жарылыс болған полигон біржола тоқтатылды. Осы арқылы біздің халық тәуелсіздік таңы басталмай жатып, адамзатқа өзінің бейбіт өмір арқылы даму жолын таңдайтынын көрсетті. Бұл Қазақстанның жаҺандық қауіпсіздік жолында жасаған теңдессіз қадамы», - деді Назарбаев.

Президент ширек ғасыр бойы әлемде бейбіт өмір қалыптастыру үшін еліміз бар күшін салып жатқанын атап өтті. Қазақстан әлемдегі ең қуатты төртінші ядролық қарудан ерікті түрде бас тартып, әлемдік қауіпсіздікті нығайту үшін көптеген тың идеялармен бастама жасады.

«Қазақстанның осы бағыттағы позициясы мен көпжылдық еркі мен ұсынған «Әлем. XXI ғасыр» атты манифестте айқын көрсетілген. Біздің бейбіт бастамамызды әлемдік қауымдастық бірауыздан қолдады. Соның нәтижесінде Қазақстан ядросыз әлем үшін жаһандық қозғалысының көшбасшысы болды. Біздің бастама бойынша тамыздың 29 халықаралық ядролық сынаққа қарсы күн болып белгіленді. Бұл Қазақстанның бастамасы әлемнің барлық елдерінің қызығушылығына сай екенін көрсетеді. Бүгінгі конференция біздің жаһандық қауіпсіздікті нығайтудағы үлесімізді арттырып,  бәрімізді ортақ мүдде айналасында  тоғыстыратынына сенімдімін. Осы форум және сіздерге сәттілік тілеймін», - деп қорытындылады Мемлекет басшысы.

Ядролық қарусыздандыру концепциясын талқылауға Ресей, Корея, Жапония, Моңғолия, Әзірбайжан, мысыр, Армения, Чили, Испания, Канада, АҚШ, Франция, Коста-Рика, Австралия, Болгария және т.б. елдердің өкілдері келді. Сонымен бірге, БҰҰ, ЕҚЫҰ және «Невада-Семей» қозғалысының өкілдері қатысып жатыр.

Естеріңізге салайық, 8 сәуірде ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметі ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың "Әлем. XXI ғасыр" атты манифесті БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі мен Бас ассамблеясының ресми құжатына айналғанын мәлімдеген еді. Барак Обаманың бастамасымен өткен Вашингтондағы IV ядролық қауіпсіздік Саммитінде Қазақстанның ұлттық баяндамасы оқылып, жоғары бағаға ие болды.

Ядролық қауіпсіздік жолындағы жұмыс Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңестің тұрақты емес мүшесі ретіндегі негізгі бағыты саналады. 28 маусымда БҰҰ ҚК-нің тұрақты емес мүшесі ретінде Қазақстанға 193 мемлекеттің 138-і дауыс берді. Қазақстан ҚК-нің тұрақты емес мүшесі ретіндегі құқығы 2017 жылдың 1 қаңтарында күшіне еніп, қызметін 2018 жылдың 31 желтоқсанына дейін  атқарады. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!