Қазақстан әлемдегі барлық ядролық қаруды заңсыз ететін дәреже енгізуді ұсынады

Фотография - Қазақстан әлемдегі барлық ядролық қаруды заңсыз ететін дәреже енгізуді ұсынады

Көрнекі сурет

Астанада сарапшылар ядролық қарусыздану үшін әлемдік сыйақы тағайындауды ұсынды

561 0

 Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Ядролық қарусыз әлем қалыптастыру» атты конференция қатысушыларының ядролық қарусыздану үшін әлемдік сыйақы тағайындау туралы ұсынысын қолдады. Мемлекет басышысы оның бірінші лауреатына 2016 жылдың соңына дейін сыйақы тапсырылуы мүмкін екенін айтты,-деп хабарлайды Today.kz.

«Осы сыйақыны тағайындау туралы сіздің ұсынысыңызға ризашылығымды білдіремін. Енді оның атауы туралы ойлану керек. Жалпы, мен бұл идеяны қолдаймын. Біз осы сыйақыны іске асыруды қолға аламыз. Ядролық қарусыздану үшін деген ой дұрыс. Өйткені, әлемде бейбітшілік үшін берілетін сыйақы бар, меніңше, әрі біреу ғана емес. Біз ойланып, оны тағайындау туралы шешім қабылдаймыз. Айта кететін бір жайт, қараша айында осы Астанада менің бастамам бойынша түрлі мемлекеттердің, үкіметтердің бұрынғы басшылары, қазіргі белгілі қайраткерлер мен саясаткерлер, бизнесмендер қатысуымен «Әлем» атты саммит өтеді. Мүмкін, дәл осы саммитте осы идеяны іске асыру барысы және кімге табыстау керектігі туралы айтуға болатын шығар», - деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық конференция қатысушыларына Қазақстан мен Мемлекет басшысы ретінде оның осы мәселедегі үлесі және жаһандық ядролық қарусыздану идеясын көтергенін  жоғары бағалағандықтарына алғыс айты. 

«Осы форумдағы белгілі қайраткерлердің бірлігі біз айналысып, көтеріп отырған нәрсенің маңыздылығы мен өзектілігін көрсетеді. Бұл ұжымдық еріктің белгісі деп ойлаймын. Басты бақыт – жер шарын ядролық апаттан сақтау. Енді бізге үндеу жолдаумен ғана шектелмей, осы идеяны одан әрі өзге идеялар көмегімен іске асыру арқылы жершарын ядросыз болашаққа жеткізу қажет. Бұл жер бетіндегі адамдардың, барлық елдер мен халықтардың бақытты өмір сүруі үшін маңызды. Осы бағытта нақты қадам ретінде ядролық қару бойынша бәрін тегіс қамтитын конвенция дайындап, қабылдау қажет. Біз бұл туралы да бастама көтеретін боламыз. Сіздер құптайды деп үміттенемін. Ол арқылы ядролық қаруға тыйым салынып, әсіресе, осы қаруды қолданатын елдерде, оны жоюдың нақты мерзімі белгіленуі тиіс. Онымен бірге ядролық қаруды заңсыз деп санауға мүмкіндік беретін құжаттар қабылдануын қарастырамыз»,-деді Мелекет басшысы.

Естеріңізге салайық, 29 тамызда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев конферецияны ашу кезінде сөйлеген сөзінде, ширек ғасыр бойы жер шарындағы ядролық қауіпсіздікті қамту үшін еліміз бар күшін салып жатқанын айтқан еді. Қазақстан әлемдегі ең қуатты төртінші ядролық қарудан ерікті түрде бас тартып, әлемдік қауіпсіздікті нығайтуда көптеген идеялармен бастама жасады. Мемлекет басшысы Қазақстанның бейбіт  бастамасы әлем елдерінің қызығушылығын қамтитынын атап өтті. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!