Топ болып зорлау ісі бойынша Есік полицейлері түрмеге қамалуы мүмкін

Фотография - Топ болып зорлау ісі бойынша Есік полицейлері түрмеге қамалуы мүмкін

Фото: today.kz

Полицейлерге қатысты соталды тергеу басталды

563 0


Алматы облысы Есік қаласы полицейлерінің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Today.kz тілшісіне сенімді ақпарат көзі хабарлады.

«Өз қызметтеріне селқостық танытқан полицейлер үстінен өзіндік қауіпсіздік басқармасы соталды тергеу жүргізіп жатыр. Қазір ол қатаң бақылауда. Факт қылмыстық кодекстің 371-інші бабы (селқостық) бойынша тіркелген»,-деп хабарлады ақпарат көзі.

Осыған дейін зардап шеккен қыздың туыстары, олардың бейнежолдауына дейін полицейлер ешқандай шара қолданбағаны туралы мәлімдеген еді. Ол аздай күдіктілердің бірін полицейлермен бір көлікте отырғанын көрген.

Естеріңізге сала кетейік, соңғы бірнеше күн бойы Есіктегі топ болып зорлау оқиғасы қазақстандық әлеуметтік желідегі номері бірінші тақырыпқа айналды. Қазақстандықтар құқық қорғау органдарының осы іске қатысты әрекеттерін желі пайдаланушылары қатты сынға алып, кейбіреулері кінәлілерді туыстарына сотсыз жазалауға беру керектігін айтты.

Есіктегі топ болып зорлау оқиғасы тамыздың 19 күні Facebook желісінде Гүлбадар Мусинова жасаған бейнеүндеу арқылы белгілі болды. Оның айтуынша, Жібек деген қызын тамыздың 14 күні белгісіз біреулер зорлап кеткен. Отбасылық мерекеден кейін кафеден шыққан ағасы екеуін төрт жігіт жабылып, ұрып тастайды. Ал, қызды көлікке салып алып кетеді. Далада қалған ағасы туыстарын көмекке шақырып, Жібекті алып кеткен көлікті полиция мекемесінің жанынан табады. Туыстары күдіктілерді бірден ұстайды, ал полицейлер керісінше оларды босатуға тырысса керек.  

23 тамыз күні күдіктілердің үшеуі ұсталды. Қазір олар тергеу изоляторында. 25 тамыз күні төртінші күдікті ұсталды. Ол Еңбекші қазаақ ауылының тұрғыны, Орталық Қазақстанның тумасы. Ол да тергеу изоляторына қамалды. Олардың барлығының үстінен ҚР ҚК зорлау және бұзақылық баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды. ІІД қылмыс жасағандардың біреуі құқық қорғау органы қызметкері болуы мүмкін деген ақпаратты жоққа шығарған болатын. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!