Қазақстаннан қажылық сапарға алғашқы 400-ден астам адам аттанды

Фотография - Қазақстаннан қажылық сапарға алғашқы 400-ден астам адам аттанды

ҚМДБ баспасөз қызметінің суреті

2016 жылы Қазақстаннан қажылық сапарға үш мыңнан аса адам аттанады.

593 0

Шымкенттен бірінші рейс арқылы 400-ден аса адам Сауд Арабиясына аттанды. Алғаш рет қалалық әуежайда оларды салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті, - деп хабарлайды Today.kz Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы сайтына сілтеме жасап.

Шараға ҚМДБ төрағасы, Бас муфтий Ержан қажы Малғажыұлы, Қазақстандағы Сауд Арабиясы корольдігінің төтенше және өкілетті елшісі Горм Сайд Малхан, ОҚО әкімінің орынбасары Ұлысбек Сәдібеков қатысып, азаматтарға сәт сапар тіледі. 2016 жылы қажылыққа Қазақстаннан үш мыңнан аса адам аттанады.

Фото - Фото - Фото - Фото - Фото -

ҚМДБ баспасөз қызметінің суреті

«Бүгін  Шымкент әуежайынан төрт жүзден астам адам («Атлас туризм» –  28, «Хикмет травел» – 12, «Әл Маруа» – 197, «Қызмет саяхат» – 40, «Санабил» – 100, «Хидаят нұр» – 20 адам) алғашқы қажылыққа бара жатыр. Сондай-ақ, Қазақстан азаматтарын қажылыққа халықаралық «Flay Nas» әуе компаниясы тасымалдайтын болды. Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы мен Сауд Арабиясы Корольдігінің өкілдері осындай ортақ мәмілеге келді. Жалпы осы жолы елімізден үш  мыңнан астам азамат аттанады»,-делінген сайтта.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы,  Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазірет:  «Қажылық парызының жауапкершілігі мен марапаты шексіз құлшылық. Шамасы жеткен әрбір мұсылман баласына қажылық ғибадаты парыз болғандықтан, оны орындаушы, ең бірінші, Алланың сый-сияпатына кенеледі. Қажылық ғибадатын ықыласпен орындаған адамның күнәларының кешірілетіні жайлы Пайғамбарымыз (Алланың оған игілі мен сәлемі болсын): «Кімде-кім қажылық парызын өтеу барысында бос әрі жаман сөзден, сондай-ақ, үлкенді-кішілі күнәлардан бойын аулақ ұстаса, анасынан жаңа туғандай пәк болып қайтады»,– деген»,-деп атап өтті.

Қажылық сапары барысында қажыларға білікті дін қызметкерлері мен дәрігерлер қызмет көрсетеді. Ал қажылық миссиясына наиб мүфти Серікбай қажы Ораз ҚМДБ төрағалық етеді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!