Синоптиктер 1 қыркүйекке арналған ауа райы туралы

Фотография - Синоптиктер 1 қыркүйекке арналған ауа райы туралы

Фото: ©Алмаз Төлеке

Күздің алғашқы күні республиканың басым бөлігінде жауын-шашын болмайды.

717 0

 1 қыркүйекте Қазақстанның басым бөлігінде жауын жаумайды. Синоптиктер болжамы бойынша, жаңбыр тек батыс аймақтарда болады,-деп хабарлайды Today.kz "Қазгидромет" РММ сілтеме жасап.

Батыс аймақтарда ауа температурасы 25 градусқа дейін көтеріледі. Ал, Ақтауда жаңбыр мен дауылға қатысты алдын ала ескерту жасалады.

Астана мен Алматыда ауыспалы бұлт шығып, ауа температурасы 25 градус шамасында болады. Солтүстік аудандарда 23 градус. Қазақстанның шығысында да күн шығып, жылы болады. Күндіз сынап бағанасы 20-22 градусты көрсетеді.

"Қазгидромет" мәліметі бойынша, Орталық Қазақстанда аздап күн суытады.  Жезқазған мен Қарағандыда ауа 20 градусқа дейін жылынады. Тек Қазақстанның оңтүстігінде 30 градус ыстық болады деп күтіледі.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!