Назарбаев Астанадағы жаңа хореография академиясы алдына мүсін орнатуды ұсынады

Фотография - Назарбаев Астанадағы жаңа хореография академиясы алдына мүсін орнатуды ұсынады

Фото: today.kz

Ашылу салтанаты кезінде Қазақстан Президенті оқу орын басшысына академияның белгісі – балерина мүсінін сыйға тартты.

612 0

Астанада Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ ұлттық хореография академиясын салтанатты түрде ашты, - деп хабарлайды Today.kz. Салтанатты ашылу рәсімі кезінде Президент оқу орынды салуға қаржы жұмсаған демеушілерге алғыс айтты. Мемлекет басшысы бұл тәуелсіздіктің 25 жылдығына жасалған маңызды сыйлық екенін атап өтті.

Сонымен бірге, Нұрсұлтан Назарбаев оқу орын басшысына академияның басты символы – балерина мүсінін сыйға тартты.

«Мен мына қымбат тастармен көмкерілген балерина мүсінін сыйға тартқым келеді. Бұл - осы академияның басты символы. Александр Яковлевич, мүмкін академия алдына осындай мүсін қою керек шығар? – деп, "Базис-А" құрылыс компаниясының жетекшісі Беловичке сұрақ қойды. – Жақсы бір мүсін іздеп көр.  Ірі, үлкен болсын. Академия басшылығымен бекіт. Әдемі болып тұрсын, сонда қандай академия екені бірден білінеді. Ал, мына мүсін жыл сайын түлектердің жаңа келгендерге тапсыратын белгісі болып қалады".

Өз сөзінде Елбасы бишінің жұмысы ауыр, екінің бірінің қолынан келмейтін өнер екенін атап өтті. Би өнерінің қыры мен сырын меңгеру үшін жігер, күш пен қуат, әрі осы іске деген махаббат болуы тиіс екенін баса айтты.

«Хореография академиясы өзінің оқудағы, шығармашылықтағы жаңа жолын бастады. Оқытушылар мен студенттерге оқуда жаңа серпіліс пен шығармашылық табыс тілеймін. Мен академиядан Қазақстанды, өзін, Отанын өз өнерімен әлемге танытатын адамдар шығатынына сенімдімін. Әрине, биші болу үшін аттың күшіндей қуат болуы керек екенін екінің бірі түсіне бермейді. Басқа мамандықтар дәл осындай ауыр емес. Мұнда өз ісін сүйетін энтузиасттар ғана келеді», - деді Назарбаев.

Президент академияға елдің әр бұрышынан нағыз таланттар ғана жииналғанын, олардың осы академияда оқуға лайық екенін дәлелдеу керектігін баса айтты.

Академия кешені оқытатын және жатын ғимараттардан тұрады. Оның аумағында демалатын, емделетін жағдай жасалған.

Естеріңізге салайық, тамыздың 29 күні Қазақстан Президенті «Астана опера» балетінің жетекшісі Алтынай Асылмұратованы Қазақ ұлттық Академиясының ректоры қызметіне тағайындалуымен құттықтады.  

Мемлекет басшысы академияның көп деңгейлі кәсіби хореографиялық білім алатын  Орталық Азиядағы алғашқы оқу орын болатынын атап өтті. Елбасы қазақстандық қоғамның басты мақсаты – жастардың шығармашылық пен өнерге деген махаббатын ояту екенін баса айтты.

Ресей Федерациясының халық әртісі Алтынай Асылмұратова "Астана Опера" театрындағы балет труппасының жетекшісі болып  2015 жылы 14 наурызда тағайындалған еді. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!