Назарбаев қазақстандықтардың табысын көтерудің жаңа жолын ұсынбақ

Фотография - Назарбаев қазақстандықтардың табысын көтерудің жаңа жолын ұсынбақ

Фото: today.kz

Мемлекет басшысы пікірі бойынша, бұл шара Қазақстан экономикасының дамуына ықпал етеді.

849 0


Қазақстан Үкіметінің кеңейтілген отырысы барысында Нұрсұлтан Назарбаев еңбекті қолдау және еңбекақыны көтерудің  жаңа жолын ұсынады. Бұл туралы Президент ҚР Парламентінің біріккен отырысында мәлімдеді,-деп хабарлайды Today.kz.

«Осы айдың алғашқы он күндігінде үкіметтің кеңейтілген отырысы барысында мен еңбекті қолдаудың және жалақы көтерудің жаңа жолын ұсынамын.  Яғни, экономикамыздың дамуына жаңа серпіліс беріп, банктердің жұмыс істеп, несие беруі, жергілікті орындарда мүмкіндіктерді кеңейту үшін»,-деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Айта кетейік, VI шақырылымдағы ҚР Парламенті палаталарының біріккен отырысы 1 қыркүйекте өтті. Отырыс басталар алдында мемлекеттік гимн қойылып, оны Нұрсұлтан Назарбаевтың айтқаны анық естіліп тұрды. Кейін Президент депутаттар мен үкімет мүшелері гимннің сөзін жатқа біліп, гимн ойнатылған кезде үнемі қосылып айтуы тиіс екенін айтты.

Естеріңізде болса, VI шақырылымның алғашқы сессиясы кезінде палаталардың біріккен үш отырысы, мәжілістің 12 пленарлық отырысы, сенаттың алты пленарлық отырысы,  тұрақты комитеттердің 170 отырысы және заң жобалары бойынша 186 отырыс өтті. Парламент қабылдаған заңдардың төртеуіне ғана Елбасы қол қойды.

2016 жылы наурызда өткен сайлау нәтижесінде төменгі палатаға 107 депутат сайланды. Олардың ішінде партиялық тізім бойынша "Нұр Отаннан" - 84 депутат, "Ақ жолдан" – 7, ҚХКП-нан - 7, Қазақстан халықтарының Ассамблеясынан - 9 депутат өтті. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!