Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында террористер ІІД ғимаратын жармақ болған

Фотография - Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында террористер ІІД ғимаратын жармақ болған

Көрнекі сурет

Ұсталғандар – ҚР азаматтары, салафиттер.

681 0

Батыс Қазақстан мен Ақтөбе облысында ұсталған террористер полиция мен құқық қорғау органдарының ғимараттарын жаруды жоспарлаған. Бұл туралы ҚР ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы мәлімдеді,- деп хабарлайды Today.kz.

«Олардың барлығы Қазақстан азаматтары. Бәрі – белгілі салафизм діни бағытын ұстанғандар. Біздің азаматтар болғанмен, бір-бірімен байланысты емес. Егер біз терроризм үшін ұстасақ, олар террористік қылмыс жасауды жоспарлағандар, құқық қорғау органдарының ғимарттарын жармақ болған. Мұны мен сіздерге анық айта аламын. Құқық қорғау органдары ғимараттары мен қызметкерлеріне шабуыл жасамақ болды. Жалпы, бұл қызық жағдай осы. Теракт болған кезде, бізге: «Қайда қарадыңдар?»-дейді, ал біз оларды ұстаған кезде: «неге ұстайсыңдар? Қандай себеп?»-деп шығады. Не енді олардың жоспары іске асуға мүмкіндік беріп, олар жарған соң, тұтқындайық па?»- деп мәлімдеді Владимир Жұмақанов.

ҚР ҰҚК төрағасы бірнеше террористік топтың ұсталғанын атап өтті.

«Бұл үлкен топтар емес. Ақтөбеде 11 адам, Батыс Қазақстанда екі топ ұсталды. Сондықтан, мен қайталап айтамын: біз ешқашан ешкімді негізсіз ұстамаймыз»,-деді Жұмақанов.

Сонымен қатаар, ол таяуда баспасөз маслихаты болатынын, сол жерде террористерге қатысты толық ақпарат берілетінін атап өтті.

Естеріңізге салайық, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті 12-30 тамыз аралығында Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында үш радикалды топ ұсталғанын хабарлаған еді. Олардың құқық қорғау органдары мен көпшілік жиналған жерлерге шабуыл жасауды жоспарлағаны анықталды. Ведомствоның мәліметі бойынша, Батыс Қазақстан облысында 10 адам, Ақтөбе облсында 11 адам тұтқындалған.

Айта кетейік, 6 маусымда Қазақстада 40 күндік террористік қауіптің сары орташа деңгейі жарияланды. Оған Ақтөбеде болған теракт себеп болды. Салафиттер екі қару-жарақ дүкені мен ҚР ІІМ ұлттық гвардиясының әскери бөліміне шабуыл жасаған болатын. Нәтижесінде жеті адам қаза тапты. Оның үшеуі әскери қызметкер еді.

15 маусымда Қазақстанда жарияланған террористік қауіптің сары орташа деңгейі ұзартылды. Ал, 18  шілде күні теракт Алматыда болды. ҰҚК департаменті мен ІІБ ғимараттарына шабуыл жасалды. Тоғыз адам қаза тапты. Тергеу мәліметі бойынша, қылмыскер жалғыз әрекет еткен.

14 тамыз күні Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы орталығы террористік қауіптің орташа сары деңгейін 2017 жылдың 15 қаңтарына дейін ұзартты. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!