Біз өткен жылы асығыстық жасап, кей заңдарды сапасыз қабылдадық – Назарбаев

Фотография - Біз өткен жылы асығыстық жасап, кей заңдарды сапасыз қабылдадық – Назарбаев

фото: pm.kz сайтынан алынған

Президент Парламент депутаттарына заңнамаға енгізілетін өзгерістерді қоғамға түсіндірудің маңыздылығы туралы ескерту жасады.

913 0

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев VI шақырылымдағы ҚР Парламенті палаталарының біріккен отырысында 2016 жылы асығыс қабылданған заң жобаларын депутаттық корпустың есіне салды,-деп хабарлайды Today.kz.

«Елдің дамуына қажетті бірнеше заңды қабылдауымыз керек. Олардың ішінде кейінге қалдыруға болмайтын заңдар бар, біразын қысқа мерзім ішінде қабылдап үлгеру керек. Біздің кәсіби білікті парламент өзіне жүктелген тарихи маңызды шаруаны дұрыс атқарады деп сенемін. Біз өткен жылы кей заңдарды асығыс қабылдадық, оны да ұмытпаңыздар»,- деді Нұрсұлтан Назарбаев  ҚР Парламенті депутаттарына. 

Сонымен қатар, ол депутаттық корпусқа Қазақстанмен жасалған халықаралық келісімдерді бекіту қажеттігі жөнінде ескертті.

«Үкімет отырысында үнемделген және жиналған қаражатты адамдардың табысын көбейтіп, еңбекпен айналысу мәселесін шешу үшін жұмсауды қарастырамыз. (...) Парламент – халықтың ең басты өкілдігі. Сондықтан, палаталардың жұмысы барынша ашық болуы тиіс. Бастысы, заңдарды қабылдаудағы мақсат пен міндет халыққа түсінікті болуы тиіс. Сондықтан, тағы қайталап айтамын, халыққа барынша түсіндіру керек»,- деді Мемлекет басшысы.

«Біріншіден, бұл қоғамға қызық. Бұл халықпен сөйлесудің жақсы мүмкіндігі. Барлық азаматтарды осы іске тартудың жолы. Егер дәл осылай жұмыс іске асатын болса, әр адам мұның неге, не үшін керек екенін түсініп, атсалысатын болады. Осы тұста парламент фракциясының, құрылымдардың келісті жұмысы, «Нұр Отан» партиясы филиалдарының жұмысы маңызды. Іске деген мұндай жауапкершілік қазақстандыққтардың құқықтық мәдениетін арттырады. Сонда халық бақылаушы сияқты сыртта қалмайды»,-деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Айта кетейік, 1 қыркүйекте VI шақырылымдағы ҚР Парламенті палаталарының біріккен отырысы өтті. Отырыс басталар алдында мемлекеттік гимн қойылып, оны Нұрсұлтан Назарбаевтың айтқаны анық естіліп тұрды. Кейін Президент депутаттар мен үкімет мүшелері гимннің сөзін жатқа біліп, гимн ойнатылған кезде үнемі қосылып айтуы тиіс екенін айтты. Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев Парламент отырысында депутаттар мен үкімет мүшелеріне бюджет қаражатын игеруді қатаң бақылауды тапсырды. Сондай-ақ, қыркүйекте Мемлекет басшысы халықтың табысын көтерудің жаңа жолын ұсынатыны туралы мәлімдеді. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!