Ерасыл Әубәкіровтың өліміне қатысты іс бойынша сот алқасы іріктелді

Фотография - Ерасыл Әубәкіровтың өліміне қатысты іс бойынша сот алқасы іріктелді

Фото: today.kz

Негізгі сот процесі қыркүйектің 7 күні басталады.

788 0

 Ерасыл Әубәкіровтың өліміне қатысты негізгі сот процесі қыркүйектің жетісі күні басталады. Бұл туралы зардап шеккен тараптың қорғаушысы Телман Әленов мәлімдеді,-деп хабарлайды Today.kz.

«Қазір сот алқасы іріктеліп болды. Он адам таңдадық, екеуі запаста болады. Басты сот процесі қыркүйектің жетісі күні басталады»,-дейді Әленов.

Күдікті Нұрбек Әжімбайдың қорғаушысы Ғабиден Бүкенов сот отырысы кезінде азаматтардың  теңдігіне қатысты конституция принципі бұзылғанын айтты.

«Сот алқасын іріктеу кезінде азаматтардың теңдігін бұзатын сұрақ қойылды. Сонымен қатар, қорғау құқығын бұзып, сот шешімдерінің заңдылығына нұсқан келтіретін фактілерге жол берілді. Мен сот және прокуратура тарапынан біздің осы мәселені шешу туралы өтінішімізді заңға сәйкес жерде қалдырмайды деп үміттенемін»,-дей тұра, Ғабиден Бүкенов заңсыздық туралы толық ақпарат беруден бас тартты.  

Айта кетейік, медицина университеті студентінің өліміне қатысты іс Астанада сот алқасының қатысуымен жабық режимде өтіп жатыр.  Бұған дейін Ерасыл Әубәкіровтың анасын соттың алдын ала тыңдау процесіне қатыстырмағаны туралы хабарлаған едік. Дегенмен, сот процесіне оның әкесі қатысып жатқаны белгілі болды.

Естеріңізге сала кетейік, 23 жастағы медицина университетінің студенті Ерасыл Әубәкіров ақпанның 3 күні Астанада жоғалып кеткен еді. Оны бір апта бойы полицейлер мен еріктілер іздеді. Ақпанның 10 күніне қараған түнде оның мүрдесі табылды. Кейін оны қинап жатқаны түсірілген бейнетаспа ғаламтор арқылы тарап кетті. 12 ақпан күні ҚР ІІМ сараптама нәтижесі оны қинап өлтіргенін анықтады. Ақпараттың тысқа шығып кетуіне байланысты соталды тергеу екі рет жүргізілді.

Студенттің өліміне қатысты төрт адам тұтқындалды. Оның бірі Өскемендегі ірі кәсіпкердің ұлы Аян Мейірбаев болатын. Алайда, оның әрекеттерінен ешқандай қылмыстық іс табылмағандықтан, ол босатылды.

Айта өтейік, студенттің өліміне қатысты тергеу жарты жыл жүргізіліп, іс бойынша жиналған материал 10 томды құрады. Күдіктілерге ҚР ҚК " қылмыстық топ құрып, оған жетекшілік ету", "Заңсыз бас бостандықтан айыру", «адамды қинап өлтіру», «кісі өлтіру», «аса ірі көлемде заңсыз қаражат талап ету» баптары бойынша айып тағылып отыр. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!