Нұрсұлтан Назарбаев Барак Обаманы Қазақстанға шақырды

Фотография - Нұрсұлтан Назарбаев Барак Обаманы Қазақстанға шақырды

Фото: test.ic24.kz

Өз кезегінде, Обама президенттік мерзімі аяқталғаннан кейін де тығыз ынтымақтастыққа дайын екендігін айтты.

705 1


Нұрсұлтан Назарбаев G20 саммиті шеңберінде АҚШ Президенті Барак Обамамен кездесті. Кездесу барысында тараптар бірқатар маңызды саладағы өзара әрекеттің ағымдағы жағдайы мен даму мүмкіндіктерін талқылады. Елбасы әріптесін Қазақстанға іссапармен келіп кетуге шақырды, деп хабарлайды Today.kz Ақордаға сілтеме жасап.

 Нұрсұлтан Назарбаев Барак Обаманың президенттігі кезінде екі ел арасындағы көптеген бағыттағы, әсіресе ядролық қарудың таралмауы және қарусыздану бойынша ынтымақтастығының жаңа деңгейге көтерілгенін атап өтті. 

 Барак Обама, өз кезегінде, Нұрсұлтан Назарбаевтың Америка Құрама Штаттарының жақсы досы және сенімді ынтымақтасы екендігін атап өтіп, өз президенттігінің мерзімі аяқталғаннан кейін де тығыз ынтымақтастыққа дайын екендігін білдірді.

 АҚШ Президентін сайлау 2016 жылдың 8 қарашасында өтпек. Бұған дейін президенттікке екі рет сайланған Б. Обама бұл сайлауға қатыса алмайды. Оның алғашқы иннаугурациясы 2009 жылдың  20 қаңтарында өткен болатын. Обама президенттігінің екінші мерзімі 2017 жылдың қаңтарында аяқталады.

 Естеріңізге саламыз, ҚР Президенті саммит аясында Alibaba Group директорлар кеңесінің төрағасы Джек Мамен кездесті. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев Жаһандық экономикалық реттегіш ұйымын құруды ұсынды. 



Загрузка...

Пікір (1)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!


Казах 5 қыр. 2016

Обама, кеше гана отырган сиякты едын го)))))

Жауап беру