Қазақстан Президенті G20 саммиті аясында бірқатар кездесу өткізді

Фотография - Қазақстан Президенті G20 саммиті аясында бірқатар кездесу өткізді

Фото: akorda.kz

Нұрсұлтан Назарбаев Пан Ги Мунмен, Жан-Клод Юнкермен және Тереза Мэймен кездесті.

652 0


Қазақстан Президенті Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан G20 саммиті аясында бірқатар кездесу өткізді, деп хабарлайды Today.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Елбасының БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунмен өткізген кездесуі барысында тараптар БҰҰ мен Қазақстан арасындағы өзара әрекеттесуді дамыту мәселелерін талқылап, өзара байланыстарды кеңейту мүмкіндіктерін қарастырды. Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаев пен Пан Ги Мун халықаралық жағдайдың ең көкейкесті мәселелері жөнінде пікір алысты. Елбасы біздің еліміз бен БҰҰ арасындағы ынтымақтастықтың жетістіктерін атап өтіп, Қазақстанның аталған халықаралық ұйымның барлық бастамалары мен жобаларын қолдап келе жатқандығын айтты.  Өз кезегінде Пан Ги Мун ұйым мен Қазақстан арасындағы өзара тиімді әріптестіктің одан әрі күшейетіндігіне сенім білдірді.

 Еуропалық Комиссияның төрағасы Жан-Клод Юнкермен болған кездесуде Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы саяси және сауда-экономикалық байланыстардың болашағы талқыланды. Тараптар Қазақстан мен ЕО арасында кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық жөніндегі Келісімінің бекітілу маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ, өзара қарым-қатынастардың алдағы уақытта дамитынына сенім білдірді.

 Ұлыбританияның премьер-министрі Тереза Мэймен кездесуі барысында Нұрсұлтан Назарбаев екі ел арасындағы өзара қатынастар мен бүгінгі күннің халықаралық өзекті мәселелерін талқылады. Елбасы Дэвид Кэмеронның премьер-министрігі тұсында екі елдің өзара әрекеттесу және ынтымақтастығының жоғары деңгейге жеткендігін атап өтіп,  Тереза Мэйді Қазақстанға іссапармен келуге шақырды.

 Естеріңізге салайық, бұған дейін Нұрсұлтан Назарбаев G20 саммиті шеңберінде АҚШ Президенті Барак Обамамен кездесті. Кездесу барысында Елбасы әріптесін Қазақстанға іс-сапармен келіп кетуге шақырған болатын.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев Alibaba Group директорлары кеңесінің төрағасы Джек Мамен кездесіп, компанияның Қазақстандағы жұмыс аясын кеңейту мүмкіндіктерін талқылаған.

 G20 саммиті барысында сөз сөйлеген Қазақстан Президенті БҰҰ Экономикалық және Әлеуметтік кеңесінің жанында Жаһандық экономикалық реттегіш қызметін құру туралы ұсыныс жасаған болатын. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!