Астанада Құрбан айт кезінде мал шалатын арнайы жерлер белгіленді

Фотография - Астанада Құрбан айт кезінде мал шалатын арнайы жерлер белгіленді

Фото: today.kz

Құрбан айт мерекесі 12-сінен бастап тойланады

441 0

Астанада Құрбан айт мерекесі кезінде мал шалатын арнайы жерлер белгіленді,-деп хабарлайды Today.kz қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Мал союдың санитарлық-эпидемиологиялық талаптарын сақтау мақсатында Алаш тасжолындағы «Нұр береке-555» ЖШС, София тасжолындағы 10-ыншы километрде орналасқан «Айсу» ЖШС, Астана–Софиевка бағытындағы жетінші километрдегі "Темеш" ШҚ, Алаш тасжолындағы 33-інші километрдегі "Агро Өнім Астана компаниясы" ЖШС, "Жайлау" ЖШС, Теміржол ауылындағы Ажар 20 мекен-жайындағы «Мақсат 2007» ЖШС, София тасжолындағы 10-ыншы шақырымда орналасқан "Шаушен" ЖШС  мекемелерінің аумағында құрбан айт рәсімі жүргізіледі.

Фото -

Таяуда тарап кеткен сібір жарасын ескере отырып, Астана әкімшілігі мал таңдау мәселесіне сақтықпен қарауды ескертеді.

«Қала тұрғындары мен қонақтарын тірі малды сатып алу кезінде сақтық танытуды сұраймыз. Малдарды тек осы көрсетілген жерлерден сатып алыңыздар. Әрі сатушыдан вакцина жасалғаны туралы әрі он бес күнге жарамды ветеринарлық анықтама талап етіңіздер»,-деп хабарлайды әкімшіліктегілер.

Құрбандыққа шалынған малдың еті  әдетте үшке бөлінеді. Бір бөлігі жағдайы төмен адамдарға таратылады, бір бөлігі үйде қалады, қалғаны мереке тойлау кезінде дастарханға тартылады.

2016 жылы Құрбан айт қыркүйектің 12 мен 14 аралығында тойланады. Мерекенің алғашқы күні демалыс күндеріне түскендіктен, қазақстандықтар дүйсенбіде де қосымша демалады. 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!