Мәжілісмендер ҚР Ұлттық банк басшысынан ипотека шарттарын жеңілдетуді сұрады

Фотография - Мәжілісмендер ҚР Ұлттық банк басшысынан ипотека шарттарын жеңілдетуді сұрады

Фото: today.kz

Меруерт Қазыбекова несиені адал төлеп отырғандардың құқығын қорғау қажеттігін айтты.

242 0

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Меруерт Қазбекова ҚР Ұлттық банк төрағасы Данияр Әкішевтен несиені адал төлейтіндердің құқығын қорғау және ипотека шарттарын жеңілдету мақсатында нақты шара қолдануды сұрады,-деп хабарлайды Today.kz.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Үкімет пен Ұлттық банк несие алушылардың проблемаларын шешу мақсатында 130 миллиард теңге бөлген еді. Қазыбекованың айтуынша, бұл бағдарлама әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларының, шетелдік валютамен несие алушылар және теңгемен несие алған, бірақ банкке қарызданып қалған адамдардың проблемаларын шешуге арналған.

«Осы бағдарлама қарызды қайта қаржыландыру арқылы жақсы мүмкіндіктер туғызады, тіпті негізгі қарызды жоюға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, сот шешімі шығып, күшіне енген қарыздарды қайта қаржыландыру қарастырылған.  Дегенмен, партияға шағымданған адамдардың айтуынша, мұндай қайта қаржыландыру доллардың жаңа курсы бойынша жүргізілетін болғандықтан, теңгемен алынған ипотекалық қарызды екі есе көбейтіп жібереді. Ала, адамдардың жалақысы теңгемен болғандықтан, ол көбейген жоқ. Есесіне, несиені адал төлеп отырған адамдардың төлей алмауына байланысты проблемалық несиелер саны екі есе көбейіп кетуі мүмкін», - дейді мәжіліс депутаты.

Шынымен, бағдарлааманың 4 бөліміне сай 90 күндік проблемасы бар адамдардың несиесі 2015 жылдың 18 тамызына дейінгі доллар курсымен қайтаа қаржыландырылады. Ал, несиені уақытылы төлегендердің несиесі бүгінгі курс бойынша қайта қаржыландырылады.

«Бағдарламаның ипотеканы жеңілдетуге арналған осы шарты проблемасы бар несие алушыларды одан әрі төлемеуге ынталандырады. Ал, әлеуметтік жағдайы төмен бола тұра уақытында төлеп отырғандарға қатысты әділетсіздік туғызады. «Ақжол» партиясының өкілдері Ұлттық банкке бұған дейін де осы мәселе бойынша өтініш жолдаған еді. Алайда, бізге берілген жауапта мұны шешу үшін 80 миллиард теңге қажет екені айтылып, қайта қаржыландыру талаптарына сай келмеген жағдайда банктің ішкі бағдарламалары бойынша қайта қаржыландыру керектігі келісім-шартта көрсетілгеніне сілтеме жасайсыздар. Сонымен қатар, осындаай қарызға батып қалмау мақсатында бұдан былай доллармен жалақы алмайтын адамдарға доллармен несие беруге тыйым салынғаны айтылған. Бірақ, бұл 2009 жылға дейін несие алғандардың мәселесін шешпейді", - дейді Қазбекова.

Депутаттың пайымдауынша, бұл ҚР Конституциясының заң мен сот алдыындағы адамдардың теңдігіне қатысты 14-бабын бұзады.

"Осған байланысты "Ақ жол" несиені адал төлеп отырған адамдардың құқығын қорғау мақсатында нақты шаралар қолдануды сұрайды ", - деп сөзін қорытындылады  мәжіліс депутаты. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!