2136

ҚР Премьер-министрінің міндетін уақытша Бақытжан Сағынтаев атқарады

Кәрім Мәсімов ҚР ҰҚК төрағасы болып тағайындалды
Фотография - ҚР Премьер-министрінің міндетін уақытша Бақытжан Сағынтаев атқарады Фото: Арман Мұқатов

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің міндетін уақытша Бақытжан Сағынтаев атқарады, - деп хабарлайды Тodaу.kz Ақорда сайтына жарияланған Президент жарлығына сілтеме жасап. Бұған дейін Кәрім Мәсімов ҚР ҰҚК төғағасы болып тағайындалуына байланысты ҚР Премьер-министрі қызметінен босатылғаны туралы хабарлаған болатынбыз. 

"...Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Үкіметінің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқаратын болсын. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің міндеттерін уақытша атқару Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаевқа жүктелсін",- делінген Президент жарлығында. 

Загрузка...