Владимир Жұмақанов ҚР Президентінің кеңесшісі болып тағайындалды

Фотография - Владимир Жұмақанов ҚР Президентінің кеңесшісі болып тағайындалды

Фото: akorda.kz

Бұған дейін ол ҚР ҰҚК төрағасы болған еді.

280 0

Владимир Жұмақанов ҚР Президентінің кеңесшісі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Today.kz. Президенттің осы туралы жарлығы Ақорда сайтында жарияланған.

Ол бұған дейін ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасы болған еді.

Владимир Жұмақанов 1955 жылы 7 қарашада РКФСР-дың Свердлов облысы Гарин ауданының Дулково ауылында туған. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (1977); Ф.Э. Дзержинский атындағы КСРО МҚК жоғары Қызыл Тулы мектебін (1989) бітірген. 1977 жылдан - С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің ғылыми қызметкері. 1982 жылдан - қауіпсіздік органдарында - ҚР ҰҚК Департаментінде бөлім бастығының орынбасары, бөлім бастығы, басқарма бастығы, Департамент бастығының орынбасары, ҚР ҰҚК төрағасының кеңесшісі. 2001 жылдан - ҚР ҰҚК Лаңкестікке қарсы күрес департаментінің бастығы. 2010 жылдың қыркүйек айынан бері - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары. 2015 жылдың 25 желтоқсанынан бастап ҚР ҰҚК төрағасы болды.

Естеріңізге салайық, ҚР ҰҚК төрағасы қызметіне Кәрім Мәсімов тағайындалғаны хабарланған еді. ҚР Үкімет басшысының қызметін уақытша Бақытжан Сағынтаев атқарады. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!