Назарбаев 2016 жылға арналған бюджетті нақтылауды тапсырды

Фотография - Назарбаев 2016 жылға арналған бюджетті нақтылауды тапсырды

Көрнекі сурет

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы 2016 жылы кепілді трансферт алмасу көлемін 400 миллиард теңгеге дейін қысқартуды тапсырды.

179 0

Қазақстан Президенті Үкімет мүшелерінің міндетін атқарушылардың қатысуымен өткен жиында 2016 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылауды тапсырды, - деп хабарлайды Today.kz.

«Үкіметке осы жылға арналған бюджетті нақтылап, Парламентке өткізуді тапсырамын. Негізгі жобаларды іске асыру үшін 380 миллиард теңге бөлу қажет. Оның 280 миллиард теңгесі бүгін мен атап өткен шараларға қажет, қалған 100 миллиард теңге білім мекемелерінің құрылыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, Астана инфрақұрылымы және басқа да негізгі жобалар үшін керек", - деді Назарбаев.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы 2016 жылы кепілді трансферт алмасуды 400 миллиард теңгеге дейін қысқартуды тапсырды.

«Үкімет мен жүктеген, 2017-2019 жылдарға арналған бюджет жобасына кіретін, тапсырмаларды іске асыруға қажетті шығынды алдын ала есептеуі тиіс. Ұлттық банкте жасалатын трансферттерге қатаң регламент қою керек», - деп қорытындылады сөзін Президент.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!