Үкімет құрамында онша көп өзгеріс бола қоймайды – Назарбаев

Фотография - Үкімет құрамында онша көп өзгеріс бола қоймайды – Назарбаев

Фото: ©Арман Мұқатов

Президент бәрінің тиімді жұмыс жасау керектігін баса айтты.

251 0

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада өткен кеңейтілген отырыс барысында Үкіметтің құрамындағы кадрлық өзгерістер көп созылмай шешілетінін айтты, - деп хабарлайды Today.kz.

"Премьер-министрдің жұмыстан босатылуына байланысты үкімет қазір отставкада. Көп созбай бәрін шешетін боламыз. Жаңа басшылар, жаңа министрлерді де. Онша көп өзгерістер бола қоймас деп санаймыз. Себебі, үкімет өз жұмысын қиын-қыстау заманда қойған тапсырманы орындап жатыр. Сондықтан, бұл бір белес. Әдейі әкімдерді де, барлығын шақырдық, жылдың аяғына дейін не істейтінімізді келісіп алайық. Барлығымыз өте мықты жұмыс істеуіміз керек», - деді Нұрсұлтан Назарбаев отырысқа қатысушыларға.

Осы уақытқа дейін Үкіметті басқарып келген Кәрім Мәсімов қыркүйектің 8 күні ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы болып тағайындалды. Ал, Премьер-министрдің міндетін уақытша Бақытжан Сағынтаев атқаратын болды. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!