Алматы әкімі Бауыржан Бәйбек өз жалақысының көлемін жария етті

Фотография - Алматы әкімі Бауыржан Бәйбек өз жалақысының көлемін жария етті

Фото: today.kz

Ол әкімдердің жалақысы мемлекеттік қызметтегі өтіліне байланысты екенін айтты.

626 0

Алматы әкімі Бауыржан Бәйбек өз жалақысының көлемін жария етті, -деп хабарлайды Today.kz. Қала басшысының айтуынша, оның жалақысы 600 мың теңге шамасында.  

«Жалақы стандартқа сай. Бекітілген талаптар бар. Шамамен айына 600 мың теңге. Яғни, әр әкімнің мемлекеттік қызметтегі өтіліне байланысты. Бұл үкімет бекіткен кесте. Ешқандай аймақта ерекшелік жоқ»,-деді Ақордадағы кеңейтілген отырыстан кейін Алматы әкімі тілшілерге.

Айта кетейік, таяуда өз жалақыларының көлемі туралы Ақтөбе қаласы мен облысының әкімдері мәлімдеген еді. Ақтөбе облысының басшысы Бердібек Сапарбаев айына 863 мың теңге алады. Ал, Ақтөбе қаласының әкімі Ильяс Іспанов 451 мың теңге алады.  

Әкімдер арасында ең көп жалақы алатын Қарағанды облысының әкімі. Ол 953 мың теңге алады. Ең азы – Қостанай облысы әкімінің жалақысы. Оның еңбекақысы 600 мың теңге.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!