Аскар Мамин ҚР вице-премьері болып тағайындалды

Фотография - Аскар Мамин ҚР вице-премьері болып тағайындалды

Фото ашық ақпарат көздерінен алынды

Нұрсұлтан Назарбаев осындай жарлыққа қол қойды.

337 0

Аскар Мамин Қазақстан Республикасының Премьер-министрінің бірінші орынбасаары болып тағайындалды,-деп хабарлайды Today.kz. Нұрсұлтан Назарбаев осындай жарлыққа қол қойды.

«Мамин Асқар Ұзақбайұлын Премьер-министрдің бірінші орынбасары болып тағайындалсын»,-делінген жарлық мәтінінде.

Мамин Асқар Ұзақпайұлы 1965 жылы туған. Целиноград инженерлік-құрылыс институтын, Г.В. Плеханов атындағы Ресей экономикалық академиясын тәмамдаған, мамандығы бойынша инженер-құрылысшы, экономист. Еңбек жолын «Целинтяжстрой»тресінде монтажшы болып бастаған. Қазақстан инновациялық кәсіпорындар одағы директорының орынбасары лауазымында қызмет атқарған. 1996 - 2008 жылдары – Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары, Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар вице-министрі,  Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда Бірінші вице-министрі, Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрі, Астана қаласының әкімі. 2008 жылғы сәуір айынан бастап «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының президенті.

1998 жылы – «Ерен еңбегі үшін» медалімен, 2006 жылы – «Құрмет» орденімен, 2011 жылы – екінші дәрежелі «Барыс» орденімен, 2013 жылы – Француз Республикасының Құрметті легионы орденімен, 2014 жылы – Испания корольдігінің «Азаматтық еңбегі үшін» бірінші дәрежелі  орденімен марапатталған. 2011 жылы – Астана қаласының Құрметті азаматы,  2012 жылы – Құрметті теміржолшы, 2013 жылы – Қазақстанның Құрметті құрылысшысы.   



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!