ҚБФ президенті Тимур Құлыбаев Геннадий Головкинге жаңа жеңіс тіледі

Фотография - ҚБФ президенті Тимур Құлыбаев Геннадий Головкинге жаңа жеңіс тіледі

Көрнекі фото

Спорт функционері чемпион атына құттықтау жеделхатын жолдады.

630 2

Қазақстан бокс федерациясының президенті Тимур Құлыбаев Геннадий Головкинді кәсіби рингте қол жеткізген кезекті жеңісімен құттықтады. Спорт функционері чемпион атына жолдаған құттықтау жеделхатында қазақстандықтардың оның IBF чемпионы белбеуінің иегері Келл Брукпен жекпе-жегін тағаттана күткендерін жеткізді, деп хабарлайды  Today.kz ҚБФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 "Бұл лайықты қарсыласпен өткізген жекпе-жекте Сіз жоғары шеберлік, мінез табандылығын және өз күшіңізге деген берік сеніміңізді көрсете білдіңіз – бұл Сізді бүкіл дүние жүзіндегі жас спортшылар алдында үлгі еткен қасиеттер", - деп жазады Құлыбаев.

 Федерация президенті Головкиннің кезекті жеңісі отандық бокс мектебінің даңқын паш етіп, жүздеген мың жанкүйерлерді жігерлендіре түскендігі туралы да айтты. Тимур Құлыбаев кәсіби спортшыға «жаңа жарқын жеңістер мен жақсылық» тіледі.

 Естеріңізге салайық, 11 қыркүйек күні Орта салмақтағы WBA (Super), IBO, IBF , WBC (Interim) нұсқалары бойынша әлем чемпионы, қазақстандық кәсіби боксшы Геннадий Головкин Келл Брукты бесінші раундта техникалық нокаутпен жеңді. Кездесу аяқтала салысымен Брук ауруханаға жеткізілді. Оның жекпе-жек барысында зақымданған көзіне ота жасалмақ.

 Головкинді жеңісімен құттықтаған Қазақстан Сенатының спикері Қасым-Жомарт Тоқаев оған GGGGG деген лақап ат қойды – Great global G. G. Golovkin.

 Сонымен қатар, қазақстандық боксшыны Швецияның әйгілі футболшысы, "Манчестер Юнайтед" командасының шабуылшысы Златан Ибрагимович те құттықтады. Футболшы өзі өткізген матчтан кейін автокөлігіне отырып, ұнататын боксшысының жекпе-жегін тамашалау үшін 350 километр қашықтықтан келген екен.

 



Загрузка...

Пікір (2)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!


Саке 13 қыр. 2016

Жарайды Гена.

Жауап беру


Кенже 13 қыр. 2016

Генанiн утыстарынын салмагы Олимпиаданын алтын медальмен бiрдей!

Жауап беру