Астана әкімі Әсет Есекешев мерген садақшы қабілетін жасырып келген

Фотография - Астана әкімі Әсет Есекешев мерген садақшы қабілетін жасырып келген

Фото: today.kz

Қала басшысының жебесі «ондыққа» 50 метр қашықтықтан тиді.

878 0

Астана әкімі мерген садақшы екендігін көрсетті. "Астана жұлдызы" атты ұлттық спорт түрлері бойынша I-ші республикалық турнирі барысында садақ ату шеберлігін көрсеткен Әсет Исекешев 50 метр қашықтықтан көздеген нысананың «ондығына» тигізді, - деп хабарлайды Today.kz астаналық әкімшіліктің сайтына сілтеме жасап.

 Қала басшысы шеберлігін «Қазанат» ипподромы жанындағы этноауылда көрсетті. нысана жанында тұрған Исекешевке серіппелі садақ адырнасын тағу ұсынылған екен. Қала басшысы бұл мүмкіндікті пайдаланып, көпшілік алдында мергендігін паш еткен. Kaissar Zhumabayuly Instagram желісіндегі өз аккаунтында мерген әкімнің садақ ату кезі көрсетілген бейнематериалды жария етті. Оның садақтан атылған жебесі нысанаға дәл тигенде, айналадағы көрермендердің таңданған дауыстары естіледі.


 Естеріңізге саламыз, 10 наурыз күні Today.kz өздерінің спорттық әуестіктері туралы мәлімдеген саяси мемлекеттік қызметкерлер арасында жүргізілген сұрастыру нәтижелерін жария еткен болатын. Сол кезде инвестициялар және даму министрі болған Әсет Исекешев спортпен шұғылданатындығы, кезінде самбо мен дзюдодан облыстық деңгейде жүлдегер болғандығы туралы айтқан. Сонымен қатар ол футболмен, қысқы спорт түрлері, тіпті парашютпен секіруден дәреже алған. Алайда сол жолы Исекешев садақ атуға машықтанғаны туралы айтқан жоқ. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!