Назарбаев: Дінге сенетін нағыз адам барлық дінді тең санайды

Фотография - Назарбаев: Дінге сенетін нағыз адам барлық дінді тең санайды

Фото: today.kz

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Хазірет Сұлтан» мешітіне барып, барлық мұсылмандарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады.

509 0

 ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Хазірет Сұлтан» мешітіне барып, барлық мұсылмандарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады, - деп хабарлайды Today.kz.

«Құрметті біздің елдің азаматтары, бүгін әлемнің барша мұсылман қауымы қасиетті Құрбан айт мерекесін тойлап жатыр. Қазақстандағы мұсылмандарда тойлап жатыр. Сіздер білесіздер, соңғы бес жылда Құрбан айт пен Рождество мерекесі жұмыс күні емес. Бұл – христиан және мұсылман дініне деген мемлекеттің құрметі. Барлық діндер бізді  бірлікке, үмітке, қайырымдылыққа шақырады. Дінге сенуші нағыз адам өзгеге көмек береді, өзге діндерді тең қояды, сондықтан, бірлік, ағайындық болған маңызды. Құранда егер сенің өз қарның тоқ, бірақ көршің аш жатса, сен өзіңді нағыз мұсылманмын деп санауға құқың жоқ делінген. Мұсылмандар топқа, сектаға бөлінбеуі керектігі де жазылған. Ең жақсы мұсылман халыққа қол ұшын беріп, қоғамға, Отанына көмектеседі», - деді Мемлекет басшысы.

 Айта өтейік, Президентпен бірге «Хазірет Сұлтан» мешітіне ҚР Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев, премьер-министр Бақытжан Сағынтаев, Президент әкімшілігінің жетекшісі Әділбек Жақсыбеков, ҚР Парламент мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин, ҚР қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов, Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімов пен Астана қаласының әкімі Әсет Есекешов келді. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!