Асқар Мырзахметов ҚР премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалды

Фотография - Асқар Мырзахметов ҚР премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалды

Фото: ©Арман Мұқатов

Оның тағайындалғаны туралы жарлық Ақорда сайтына жарияланды.

324 0

 Асқар Мырзахметов өзінің бұрынғы қызметінде қалды, - деп хабарлайды Today.kz. Оның тағайындалғаны туралы жарлық Ақорда сайтына шықты.

"Мырзахметов Асқар Исабекұлы Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық министрі болып тағайындалсын ", - делінген жарлықта.

Естеріңге салайық, Асқар Мырзахметов 2016 жылдың мамыр айында ауыл шаруашылық министрі болып тағайындалған еді. Оған дейін ол "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары болған. 2009-2015  жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі қызметін атқарды. 2007-2009 жалдарда «Оңтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық қомпаниясы» АҚ басқармасының төрағасы. Әртүрлі жылдарда Өзбекстандағы Қазақстанның өкілетті және төтенше елшісі мен ауыл шаруашылық министрі қызметтерін атқарды. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!