Иманғали Тасмағамбетов ҚР премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалды

Фотография - Иманғали Тасмағамбетов  ҚР премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалды

фото ашық ақпарат көздерінен алынды

Бұрын ол ҚР қорғаныс министрі болған еді.

197 0

 Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен Иманғали Тасмағамбетов ҚР премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалды,-деп хабарлайды Today.kz Ақорда сайтына сілтеме жасап.  

 "Тасмағамбетов Иманғали Нұрғалиұлы Қазақстан Республикасының қорғаныс министрі қызметінен босатылып, Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары қызметіне тағайындалсын ", - делінген қыркүйектің 13 күнгі жарлықта.  

Тасмағамбетов Иманғали Нұрғалиұлы 1956 жылы 9 желтоқсанда Гурьев облысында дүниеге келген. 1991 жылдан - ҚР Жастар ісі жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы. 1993 жылдан - ҚР Президентінің көмекшісі. 1995 жылдан - ҚР Премьер-министрінің орынбасары.  1997 жылдан - ҚР Премьер-министрінің орынбасары - Білім және мәдениет министрі. 1997 жылдан - ҚР Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары, ұйымдастыру-бақылау бөлімінің меңгерушісі. 1998 жылдан - ҚР Президентінің Бірінші көмекшісі. 1999 жылдан - Атырау облысының әкімі. 2000 жылдан - ҚР Премьер-министрінің орынбасары. 2002 жылдан - ҚР Премьер-министрі. 2003 жылдан - ҚР Мемлекеттік хатшысы. 2004 жылы ҚР Президент Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалды. 2004 жылдың желтоқсан айынан 2008 жылдың сәуіріне дейін - Алматы қаласының әкімі. 2008 жылғы сәуір айынан бастап - Астана қаласының әкімі. 2014 жылдың қазан айынан бастап ҚР Қорғаныс министрі болып тағайындалды. Барлық құқығы қорғалған. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!