Назарбаев Қазақстан үкіметінің жаңа құрамын бекітті

Фотография - Назарбаев Қазақстан үкіметінің жаңа құрамын бекітті

фото ашық ақпарат көздерінен алынды

Тағайындау туралы жарлық Ақорда сайтына жарияланды.

287 0

Президент «Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамы туралы» Жарлыққа қол қойды,- деп хабарлайды Today.kz Ақорда сайтына сілтеме жасап. Үкімет құрамы қатты өзгеріске ұшыраған жоқ.

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Мыналар:

Ерлан Әбілфайызұлы Ыдырысов ‑ Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі;

Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы Қасымов ‑ Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі;

Дәурен Әскербекұлы Абаев ‑ Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрі;

Ерлан Кенжеғалиұлы Сағадиев ‑ Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі;

Тамара Босымбекқызы Дүйсенова ‑ Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі;

Жеңіс Махмұдұлы Қасымбек ‑ Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі;

Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов ‑ Қазақстан Республикасының Қаржы министрі;

Арыстанбек Мұхамедиұлы ‑ Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі;

Қуандық Уәлиханұлы Бишімбаев ‑ Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі;

Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев ‑ Қазақстан Республикасының Энергетика министрі болып тағайындалсын.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі»-делінген жарлықта.

Естеріңізге салайық, Асқар Мырзахметов ҚР премьер-министрінің орынбасары – ауыл шаруашылық министрі болып қайта тағайындалды. Сонымен қатар, ҚР премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалуына байланысты Иманғали Тасмағамбатов ҚР қорғаныс министрі қызметінен босатылды. Ал, ҚР қорғаныс министрі болып Сәкен Жасұзақов тағайындалды.

Қыркүйектің тоғызы күні ҚР премьер-министрі болып Бақытжан Сағынтаев тағайындалған еді. Оның бірінші орынбасары қызметін бұрын «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарған Асқар Мамин атқаратын болды. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!