Берік Имашев ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы болып тағайындалды

Фотография - Берік Имашев ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы болып тағайындалды

фото primeminister.kz сайтынан алынды

Бұрын ол ҚР әділет министрі болды

198 0

Берік Имашев ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы болып тағайындалды,-деп хабарлайды Today.kz ақорда сайтына сілтемее жасап. Бұған дейін ол елдің әділет министрі болған еді.

"Берік Мәжитұлы Имашев Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы болып тағайындалсын»,-делінген жарлықта.  

Берік Имашев 1960 жылы 7 маусымда туған. М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген. Құқықтанушы, заң ғылымдарының кандидаты.Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы болып қызмет атқарған. Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 23 қарашадағы Жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты - Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы болып тағайындалды. «Құрмет», «Парасат» ордендерімен, ТМД  ПАА кеңесінің Құрмет грамотасымен, алты медальмен марапатталған. Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 20 қаңтардағы Жарлығымен Қазақстан Республикасы Әдiлет министрi болып тағайындалды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!