ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігі агенттік болып қайта құрылды

Фотография - ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігі агенттік болып қайта құрылды

Көрнекі сурет

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі тікелей Президентке бағынады.

340 0

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігін қайта ұйымдастырылды,-деп хабарлайды Today.kz, Ақорда сайтына сілтеме жасап.

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабы  3), 5) тармақшаларына, «Қазақстан Республикасының Президентi туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 17-1-бабына сәйкес, Мемлекеттік қызмет жүйесі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды одан әрі жетілдіру мақсатында қаулы етемін:

1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігі оны Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган ретінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлық көріністерінің жүйелі алдын алу және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасының сақталуын бақылау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган болып табылады деп белгіленсін.

2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы болып қайта құрылсын.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы аталған Агенттіктің құрылымында ведомство мәртебесіне ие болады және құқық бұзушылықтардың алдын алуды, анықтауды, жолын кесуді, ашуды және тергеуді жүзеге асыратын құқық қорғау органы болып табылады деп белгіленсін.

3. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен бірлесіп бір ай мерзімде осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.

4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді»,-делінген жарлықта.

Естеріңізге салайық, осыдан бұрын Президент «Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамы туралы» Жарлыққа қол қойды. Үкімет құрамы қатты өзгеріске ұшыраған жоқ.  Асқар Мырзахметов ҚР премьер-министрінің орынбасары – ауыл шаруашылық министрі болып қайта тағайындалды. Сонымен қатар, ҚР премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалуына байланысты Иманғали Тасмағамбатов ҚР қорғаныс министрі қызметінен босатылды. Ал, ҚР қорғаныс министрі болып Сәкен Жасұзақов тағайындалды.

Қыркүйектің тоғызы күні ҚР премьер-министрі болып Бақытжан Сағынтаев тағайындалған еді. Оның бірінші орынбасары қызметін бұрын «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарған Асқар Мамин атқаратын болды. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!