Қазақстанда лаңкестерге қатысты заңнама Батыс елдердің үлгісімен қатайтылмақ

Фотография - Қазақстанда лаңкестерге қатысты заңнама Батыс елдердің үлгісімен  қатайтылмақ

Ашық ақпарат көздерінен алынған фото

ҚР ҰҚК заңнамалық өзгертулерді әзірлеу барысында Ұлыбритания, Швейцария, Германия және Францияның тәжірибелеріне сүйенуді ұсынып отыр.

305 0

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінде Батыстың дамыған елдерінің заңнамаларына экстремизм және лаңкестікке қарсы күресті күшейтуге бағытталған өзгертулер енгізу тәжірибелерін қолдануды қажет санайды, деп хабарлайды Today.kz ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

"Германияда өткен жылы байланыс операторларын телефон шалулар мен абоненттермен байланыстыру жөніндегі деректерді сақтауға міндеттейтін заң қабылданды.  Сондай-ақ, Германияда никаб пен паранжа киюге тыйым салу туралы ұсыныстар жұмысқа алынған. Дәрігерлік құпияны жою мүмкіндігі талқыланып жатыр", - делінген хабарламада.

 

ҚР ҰҚК-де миграциялық қадағалауды күшейтіп, азаматтықты беруге қатысты заңнаманы қатаңдату ұсынылып отыр.

 

"2015 жылдың қарашасында Парижде орын алған лаңкестік оқиғалардан кейін, Францияның Ұлттық жиналысы заңнамаға терроризмге қатысы бар адамдарды азаматтығынан айыруды қарастыратын жаңа тармақ енгізу мәселесін қарастырды. Ұлттық жиналыс депутаттары лаңкестік әрекеттері үшін сотталғандардың бәрін азаматтығынан айыруға дауыс беруге дайын болған. Алайда сенат апатридтерді көбейтпес үшін азаматтықтан тек екі төлқұжаты бар адамдарды айыру керектігін қолдады", - делінген хабарламада.

 

Швейцарияда болса, ел аумағында, немесе шет елдерде болған лаңкестік оқиғаларға, сондай-ақ, әскери операцияларға қатысқан, екі елдің азаматтығы бар адамдарды автоматты түрде швейцариялық төлқұжаттан айыру бастамасы Ұлттық кеңес тарапынан қолдау тапты.

"Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, лаңкестік топтармен байланысты деген күдік тудырған шетелдік азамат Швейцарияда тұруға құқық беретін ықтиярхаттан, ал екі елдің азаматтығы бар адам – мемлекеттік төлқұжаттан айырылуы мүмкін. Жалпыға бірдей адам құқығы декларациясы басқа мемлекеттің азаматтығы жоқ Конфедерация азаматын, оның Швейцарияның ұлттық мүдделеріне қауіп төндіргендігіне қарамастан, отансыз қалдыруға болмайтындығын талап етеді", - делінеді баспасөз хабарламасында.

 

Ұлыбританияда Интернет желісіндегі лаңкестікке қарсы күрес жөніндегі заңнамалық бастамалар қатарында – провайдерлер мен телефон компанияларын қолданушының сайттарға кіру тарихын 12 ай мерзімге сақтауларын, қажетті ақпаратқа қол жеткізу мақсатында девайстарды санкцияланған бұзуға қолдау көрсетулерін, сондай-ақ, қолданушының Интернеттегі белсенділігі жөніндегі ақпаратқа құқық қорғау органдарының соттың ордерінсіз қол жеткізуін қамтамасыз етуді міндеттеу ұсынылған.

 

ҚР ҰҚК өкілдерінің пікірінше, дамыған мемлекеттердің тәжірибесі лаңкестікпен күрес барысында ең қатаң шараларды қолдану қажеттігін көрсетеді.

 

8 қыркүйек күні ҚР ҰҚК төрағасының орынбасары Марат Қолқабаев ҚР Парламент Мәжілісінде «Экстремизм және терроризмге қарсы әрекет мәселелері жөніндегі ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таныстыру барысында лаңкестікпен күреске бағытталған жаңа нормалар туралы баяндады. Онда ҚР Қылмыстық кодексіне террористік әрекеттер үшін жауапкершілік күшейтіліп, экстремизм мен лаңкестікке байлансты қылмыстарға жауапты адамдарды міндетті түрде мүлкінен айыруды енгізу қарастырылған.

Сонымен қатар Марат Қолқабаев заң жобасының бір нормасында ауыр және өте ауыр қылмыстар бойынша оперативті-іздестіру қызметін жүргізетін органдарға желілердің және байланыс құралдарының жұмыстарын тоқтатуға рұқсат беру ұсынылып отырғандығы туралы мәлімдеген болатын.

 

Қазақстанда терроризммен күресті күшейту, қару-жарақ айналымы және миграциялық бақылауды катаңдатуға бағытталған заң жобасын талқылау барысында лаңкестер үшін өлім жазасын енгізу мәселесінің қарастырылатыны белгілі болды. Бұл туралы 7 қыркүйек күні ҚР Парламент Мәжілісінің отырыстары арасында Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мәулен Әшімбаев хабарлады.  Депутаттың айтуынша, заң жобасы аясында 20 шақты заңға, оның ішінде Қылмыстық кодекске, Қылмыстық іс жүргізу кодексіне, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске, экстремизм мен терроризмге қарсы күрес туралы заңға және т.б. заңдарға өзгерістер енгізілмек.

 

"Заң жобасында 5 кодекс пен 19 заңға түзетулер енгізу қарастырылған. Негізгі екпін террористік қылмыстар үшін берілетін жазаның күшейтіліп, экстремистік және террористік әрекеттері үшін сотталғандардың мүлкі міндетті түрде тәркіленуін енгізу қарастырылған ҚР Қылмыстық кодексінде түсіп отыр", - деді заңнаманы әзірлеушілер.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!