Есімов ЭКСПО-2017 нысандары құрылысының қарқынын жоғары бағалады

Фотография - Есімов ЭКСПО-2017 нысандары құрылысының қарқынын жоғары бағалады

Фото: ©Арман Мұхатов

Ұлттық компания басшысының айтуынша, халықаралық көрме нысандарының құрылысы 85 пайызға аяқталып тұр.

245 0

«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқармасының төрағасы Ахметжан Есімов нысандар құрылысының 85 пайызға аяқталып тұрғаны жөнінде баяндады, - деп хабарлайды  Today.kz тілшісі. Бұл туралы ұлттық компания басшысы III-ші «Болашақ энергиясы» форумы барысында мәлімдеді.

 "Бүгінгі күні халықаралық қоғамдастық тарапынан көрмеге қатысатындығын 103 ел және 17 халықаралық ұйым растады. Құрылыс мәселесін қозғар болсақ, ол белгіленген кесте бойынша жүргізіліп жатыр. Осы күні құрылыс жұмыстарының 85 пайызы жасалып бітті. Оған 13700 адам және 560 бірлік техника жұмылдырылып отыр", - деді Есімов.

 Ұлттық компания басшысы көрме туралы  халықаралық деңгейде 200 миллион адам құлақтандырылып отырғанын айтты. Оның айтуынша, 2016 жылдың соңына дейін көрме туралы ақпаратпен 500 миллион адам қамтылмақ. Ал келесі жылдың жазына дейін Қазақстанда «Астана ЭКСПО-2017» көрмесінің өткізілетіні туралы дүниежүзі бойынша 900 миллион адам білетін болады. 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!